RU
Өзі жалдаған өзбек жұмысшысын өлтірген маңғыстаулық тұрғын 10 жылға сотталды

Өзі жалдаған өзбек жұмысшысын өлтірген маңғыстаулық тұрғын 10 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысында ащы суға сылқия тойып аған азаматтардың бірі қайтыс болып, екіншісі 10 жылға сотталды деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

рррро

Көрнекі фото: pixabay.com

Қылмыстық іс материалына сәйкес, Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында 44 жастағы тұрғын үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізбек болып Өзбекстаннан жұмысшы шақырған.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін үй иесі жұмысшыға осы оқиғаны атап өтуді ұсынады. Ішімдік ішкен соң екеуінің арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Мас болған қожайын қолына пышақ алып, бөтелкелесіне бірнеше жерден соққы жасапты. Пышақ жарақаты салдарынан жұмысшы жедел жәрдем көлігінде көз жұмады.

Полиция кісі өліміне күдікті азаматты анықтаған. Ол ұсталып, кінәсін дереу мойындады.

Қылмыстық істер жөніндегі арнайы соттың қарауында болған күдікті кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды.

Сотта бұгінде адамдардың ащы суға тойып алып, ауыр қылмыс жасағаны туралы көптеген оқиғалар бар екені айтылды. Есін жиғаннан кейін олар не бүлдіргенін түсіне бастайды, бірақ ол кезде ештеңені өзгертуге болмайтынын біліп, өкінеді екен.

Сіздің реакцияңыз
0
3
1
7
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel