Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көкем биді басты": Айдар Тұрғамбек ұзату тойдағы қызықты жайтты көрсетті

Опубликовано:

Тойларда қыз ұзатуға белсенді кірісіп кеткен Айдар Тұрғамбек кезекті бір қуанышты күнде болған жайтпен бөлісті. "Жігіттер" квартетінің әншісі өзін әрең ұстап тұрғанын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

fqlfh
Видеодан алынған кадр: Instagram

Тойда болған қызықты сәттің видеосын әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Оған қоса Айдар Тұрғамбек арнайы жазба да қалдырған.

"Қызықтың көкесі кеше болды.....

Қарындасымызды ұзатып, елдің көңілі босап,қимай тұрса, көкем биді басты. Мен өзімді зорға ұстап тұрмын.

Негізі жылап шығарып салғаннан, осы дұрыс-ау", - деп жазады әнші.

Мұны көрген желі қолданушылары күлкіге қарық болғандарын жеткізіп, өз пікірлерін жаудырды.

"Өлең айтып тұрғанда біреу күлдіртіп тұрса қиындау негізі", "Әрине дұрыс. Жауға кетіп бара жатқан жоқ қой. Той ғой", "Тойға барған соң жақсы көңіл күймен жүру керек! Көкеміз керемет көңіл куймен билеп тұр!", "Көкем толқып тұр ғой", - деп жарыса жазды оқырмандар.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін қазақстандық танымал әнші, көпбалалы ана Динара Сұлтан алтыншы сәбиіне аяғы ауыр екенін мәлімдеген болатын. Өнер иесі өзінің қуанышты жаңалығын ерекше жазба арқылы жеткізіп, жанкүйерлерін сүйсінтті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830920-kkem-bidi-basty-ajdar-trgambek-zatu-tojdagy-kyzykty-zajtty-krsetti/

pixel