RU
Павлодар тұрғынын өз ауласында атып кетті: Оқиғаның мән-жайы айтылды

Павлодар тұрғынын өз ауласында атып кетті: Оқиғаның мән-жайы айтылды

Рассказать Вконтакте

Павлодардағы үйдің аулаларының бірінде адам өлтірді. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы полиция департаменті растады.

Павлодар тұрғынын өз ауласында атып кетті: Оқиғаның мән-жайы айтылды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, трагедия Естай көшесіндегі №134/1 үйдің ауласында болған.

Аталмыш үйдің тұрғыны көз жұмғаны хабарланды. Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алған.

"Өте керемет жан, отағасы, әке, ата еді. Әрқашан көмекке келуге дайын тұратын", - деп жазады желі қолданушыларының бірі.

"Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы ("адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні анықтау және ұстау шарасы жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жарияланбайды", - деді өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова.

Бұл бапқа сәйкес, кінәлі деп танылған адам 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қарағандыдағы тергеу изоляторында тұтқындағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі камерадағы азаматтар арасында жанжал шығып, оның соңы өліммен аяқталғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel