RU

Біртанов ақтаулық дәрігердің сөгіс алғанына наразылық білдірді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Ақтау жұқпалы аурулар ауруханасында антисанитарлық жағдайға байланысты медициналық мекеменің бас дәрігеріне емес, бөлім меңгерушісіне сөгіс жарияланғанына наразылық білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

бІРТАНОВ
Елжан Біртанов. Фото: nur.kz: Original

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы жұқпалы аурулар ауруханасындағы бөлім басшылығына санитарлық ережелерді сақтамағаны үшін сөгіс берген елордалық инспекцияның шешімімен келіспейтінін жеткізді.

Министрдің айтуынша, бұл жағдайда бас дәрігер және аймақ басшылары жазалануы керек, өйткені санитарлық жағдайды қамтамасыз ету олардың жауапкершілігінде екен.

Біртанов дәрігерлердің қайтадан кінәлі болып шыққанына наразы болды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін алматылық тұрғынды Ақтаудағы балалар жұқпалы аурулары ауруханасының жағдайы шошытқан болатын.

Сонымен қатар, бүгін Ақтаудағы жеке балабақшада бір жасар бала қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Балақайдың өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, ол жекеменшік балалар білім беру мекемесіндегі күтушінің қарауында жүргенде қайтыс болған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1830925-birtanov-aktaulyk-drigerdi-sgis-alganyna-narazylyk-bildirdi.html