RU
"Жыл әні" жүлдесінде Димаштың марапатталу сәті жарияланды (видео)

"Жыл әні" жүлдесінде Димаштың марапатталу сәті жарияланды (видео)

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайберген «Жыл әні» ресейлік ән фестивалінде өнер көрсетіп, «Жыл әншісі» марапатын алды. Мүсіншені оған Валерий Леонтьев тапсырды. Интернетте қазақстандық әншіні марапаттау сәтіндегі видеосы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооо

Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын "Жыл әні" фестивалі 7 желтоқсан күні Ресей астанасындағы «ВТБ-Аренада» өткен. Салтанатты кеште қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де өнер көрсетті.

Жас талант басты жүлделердің бірі - "Жыл әншісі" номинациясын жеңіп алды. Мүсіншені Ресейдің халық әртісі, 70 жастағы Валерий Леонтьев табыстаған.

"Осы рәсімді жасап жатқаныма өзім аса қуаныштымын. Мен сенің даусыңды жақсы көремін. Саған ғажайып болашақ пен әлемді бағындыруыңды тілеймін", - деді әнші.

Димаш өз кезегінде Леонтьевке алғыс айтып: «Аңыз адамның қолынан марапат алған үлкен бақыт», - деді.

Естеріңізге сала кетсек, ерекше үнімен күллі әлемді аузына қаратып келе жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейде "Жыл әншісі" атанғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel