RU

Алматыда қаңырап қалған ғимараттан нәрестенің денесі табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың қараусыз қалған ғимаратында жаңа туған баланың денесі табылды. Бұл туралы ақпаратты жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде таратты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооо

Фото: Андрей Андреев, facebook

Жантүршігерлік жайт Алмалы ауданындағы қаңырап тұрған ғимарат аумағында болғаны белгілі болды.

Мегаполис тұрғыны Андрей Андреев Facebook-тегі парақшасында сәби Сайран көлінің маңында орналасқан ғимараттан табылғанын хабарлады.

Ер адамның айтуынша, нәрестенің денесі бірнеше күн бойы жатқан.

«Онда тіпті егеуқұйрықтар жүргені айтылды», - деп жазды алматылық азамат әлеуметтік желіде.

Осы ретте қалалық полиция бөлімінде ақпарат расталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жаңа туған баланың денесі шынымен тасталған құрылыс алаңының аумағынан табылған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары үшін жедел-тергеу тобы құрылды.

Тәртіп сақшылары қайтыс болған сәбидің анасының жеке басын анықтауға тырысуда, және баланың өліміне себеп болған барлық жайттар анықталуда.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтаудағы жеке балабақшада бір жасар бала қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Балақайдың өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда қаңырап қалған ғимараттан нәрестенің денесі табылды
Mailfire view pixel