RU

18 жастағы қазақстандық қыз "Ғалам аруы" байқауына ұлттық киіммен шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандасымыз Альфия Ерсайын "Ғалам аруы" байқауында әділ қазылар алдына қазақша көйлекпен шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

казахстанка

Фото: Instagram / misskazakhstan_official

Ұлттық киімдер көрсетілімі – әлемнің түкпір-түкпірінен келген арулар сайысқа түсетін байқаудың басты кезеңдерінің бірі. Байқауға қатысушылардың киімі жарқыраған және бұрын-соңды болмаған айрықша стильде ерекшеленеді.

"Мисс Қазақстан-2018" атанған 18 жастағы Альфия Ерсайын қазылар мен көрермендер алдында нәзік реңк беретін қызғылт түсті киіммен шыққан.

Оның көйлегі мен бас киімі жылтыр тастармен көмкеріліпті.

Отандасымыздың костюмін видеоның 25-ші минутында көруге болады.

Оған қоса, айта кетерлігі, Альфия Ерсайын подиумда кешкі образда - ашық қызғылт сары түсті көлекпен де өнер көрсеткен.

Белгілі болғаны, арудың киімінің авторы отандық дизайнерлердің бірі екен.

Халықаралық жарыстың финалы бүгін, 8 желтоқсанда Америка Құрама Штаттарының Атланта қаласында өтеді.

Биылғы жылы әлемнің 93 елінен келген нәзік жандылар «Әлем аруы» атағы үшін күресетін болады.

Естеріңізге салсақ, Альфия Ерсайын - «Қазақстан аруы 2018» атағын жеңіп алған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
18 жастағы қазақстандық қыз "Ғалам аруы" байқауына ұлттық киіммен шықты
Mailfire view pixel