Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 4 бірдей көлік бір мезетте соқтығысып, үлкен жол апаты болды (фото)

Опубликовано:

Алматыдағы тау шаңғысы курортына апаратын жолда төрт көлік бір уақытта соқтығысты. Жол апатынан зардап шеккен жалғыз адам ауруханаға жатудан бас тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

авария
Фото: Zakon.kz: UGC

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, барлығы Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі мен ресейлік Lada Granta көлігінің соқтығысуынан басталған.

Сонымен қатар, жүргізушілердің мұзды жағдайда көлік жүргізе алмағаны белглі болды. Нәтижесінде Лада Гранта арыққа құлаған деп хабарлайды Zakon.kz.

авария
Фото: www.zakon.kz: UGC

Осы уақытта тағы екі көлік апат болған жерге келіп жеткен. Жүргізушілер бөлек кетуге тырысыпты, бірақ олардың біреуі өз көлігін басқара алмаған.

Нәтижесінде төрт көлік соқтығысып, салдарынан Ресейде құрастырылған темір тұлпардың жүргізушісі зардап шекті. Алайда ол емханаға барудан бас тартқан.

авария
Фото: www.zakon.kz: UGC

Аталған көлік апаты жолда біршама кептеліс тудырды. Жол қозғалысына қатысушылар патрульдік қызметкерлерді күтуге мәжбүр болған.

авария
Фото: www.zakon.kz: UGC

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, жолды мұз басып қалған, сондықтан жүру қауіпті екен.

Ол арнайы материалдармен өңделмеген болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830934-almatyda-4-birdej-klik-bir-mezette-soktygysyp-lken-zol-apaty-boldy-foto/

pixel