Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте өз-өзін өртеп жіберген ару ауруханада көз жұмды

Опубликовано:

Шымкентте өз-өзін өртеу салдарынан ауыр жарақаттар алған тұрғын ауруханада қайтыс болды. Оның денесінің 85 пайызын күйік шалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Марқұм 31 жаста болған.

"Отырар" арнасының хабарлауынша, дәрігерлер бар күшін салғанымен, оның өмірін сақтап қала алмаған.

Анықталғандай, тұрғынның денесінің 85 пайызы оттан зардап шеккен. Ақ халаттылар әр түрлі дене бөліктерінен 2 және 4-деңгейдегі термиялық күйік анықтады. Марқұмның басы, мойны, аяқ-қолдары мен кеудесі жарақаттанған.

Ал ауруханаға түскен кезде зардап шегуші ауыр травматикалық шок жағдайында болған.

Айта кетейік, Шымкент маңындағы Тассай ауылында 3 желтоқсан күні өз-өзіне қол салу дерегі тіркелді.

Күндізгі сағат 16.00 шамасында тұрғын үстіне тез жанғыш сұйықтық құйып, жағып жіберген. Болжам бойынша, сұйықтық - бензин немесе керосин болуы мүмкін. Жақын жердегі тұрғындар жанып жатқан отты бірден байқаған.

Мән-жайды түсінген олар марқұмға бірден көмекке жүгінген. Қызыл жалын тез арада сөндірілген. Зардап шегушіге жедел жәрдем шақырылған.

"Жанын қимақ болған адамның кім екені анықталды. Ол 1988 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Болжам бойынша, өз-өзіне қол салуға жеке өміріндегі қиындықтар себеп болған", - деді Шымкент қалалық полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1830945-symkentte-z-zin-rtep-zibergen-kelinsek-auruhanada-kz-zmdy/

pixel