RU

Пимасын аламын деп шахтаға құлаған адам ғажайыптың күшімен аман қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Якутскіде құтқарушылар үйдің қабырғасынан 10 қабаттан желдету шахтасына құлап кеткен ер адамды алып шықты. Ол сол шахтаға құлап кеткен пимасының арқасында аман қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Пимасын алмақ болған Якутск тұрғыны желдету шахтасына құлап кетті

Көрнекі фото: pixabay.com

Жексенбі күні Сергеляхское тас жолындағы көп пәтерлі үйдің тұрғындары құтқарушыларды шақырды. Олар үйдің бірінші қабатынынан көмекке зәру адамның айқайы естіліп жатқанын айтты.

Оқиға орнына келген құтқарушы топ мән-жайды баяндап берді.

"Сергеляхское тас жолының бойындағы үйлердің бірінің тұрғындары бірінші қабаттағы қабырғадан көмек сұрап, айқайлаған адамның даусы естілетінін айтып, хабарласқан. Белгілі болғандай, ер азамат 10-қабаттың техникалық қабатында тұрып, желдету шұңқырына пимасын құлатып алған.
Ол оны алуға тырысып жатқан кезде өзі құлап, желдету жүйесі арқылы шамамен 28 метр сырғып өтіп, бірінші қабатта басымен төмен қарай салбырап, тұрып қалған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, атап өтілгендей, ер адам шахтаның тарылуының және ол жерге құлап кеткен пиманың арқасында аман қалыпты.

Зардап шеккен адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пимасын аламын деп шахтаға құлаған адам ғажайыптың күшімен аман қалды
Mailfire view pixel