RU

Танымал ресейлік әншінің ұлы сүйіктісімен бірге жол апатына түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал ресейлік әнші Валерияның ұлы Арсений Шульгин сүйіктісімен бірге Петербург маңында жол апатына түсті. Салдарынан әртістің ұлы түрлі жарақаттармен Тосно ауруханасына жеткізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Танымал әншінің ұлы сүйіктісімен бірге жол көлік апатына түсті

Фото: www.instagram.com/p/B5QBLv7JSXe

Жол апаты Ленинград облысында болған. Арсений Солтүстік елордаға анасы Валерияның өнерін тамашалау үшін келе жатқан. Алайда кенеттен көлік қоршауға соғылып, апат орын алған.

"Олар анасына тосын сый жасап, "Жол радиосына" бізбен кездесу үшін келе жатқан болуы мүмкін", — деді жұлдызға әртістің жұбайы Иосиф Пригожин.

Арсенийдың танысы Артем Клюшиннің айтуынша, рөлді оның сүйіктісі Лиана басқарған. Ол соққыны жұмсартуға барынша тырысқан, алайда ылғал тас жолда апаттан құтылып кету мүмкін болмады.

Оқиға куәгері "Бесінші арнаға" берген сұхбатында жол апаты салдарынан Лиананың қолы сынғанын алға тартты.

Пригожиннің сөзінше, ол әйелінің Арсенийдің Санкт-Петербургке келе жатқанынан хабарсыз болған. Әйтпесе, міндетті түрде қыста ұзақ тас жолмен жол жүруге рұқсатын бермес еді. Ол жігіттің іс-әрекетін ақымақтық деп танып, түнде жол жүрудің қауіпті екенін де аьап өтті.

"Олар жаңа тас жолда жүріп көрмек болыпты. Балалар ғой. Олардан не сұрайсың...Қырсықтықпен күресе алмайсың. Енді оларға ұрыса алмаймыз ғой", - деді Пригожин өз сөзінде.

Арсений "Фонтанкаға" берген сұхбатында жол-көлік оқиғасының 8 желтоқсанға қараған түні М-11 "Нева" тас жолының 649-шы шақырымында болғанын айтты.

"Апат кезінде ұйықтап, не болып жатқанын да түсінбедім", - деп жазды ол Instagram-да.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Танымал ресейлік әншінің ұлы сүйіктісімен бірге жол апатына түсті
Mailfire view pixel