RU

Маңғыстауда 160 жасөспірім қыз жүкті болып қалған

Рассказать Вконтакте

Мектеп қабырғасында жүріп ана атанғандардың тағдыры кез келген адамды бей-жай қалдырмайды. Қазір Маңғыстауда 160 кәмелетке толмаған қыз жүктілік бойынша тіркеуге алынған. Олардың басым бөлігі Жаңаөзен қаласы Мұнайлы ауданында тіркелген. Өрімдей қыздардың ерте аналық өмірді бастауына не себеп болады? Ерте жүктіліктің етек алуына кім кінәлі? Бұл мәселе жөнінде мамандар ойын ортаға салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Көрнекі фото:pixabay.com

Көрнекі фото:pixabay.com

Денсаулық сақтау басқармасы Медициналық көмекті үйлестіру және ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Нұрсұлу Мұхамбетярованың мәліметінше, қазір облыста жыл басынан бері 160 жасөспірімнің жүкті екені анықталған.

Олардың 80-і осы уақытқа дейін босанған.

"Жастары 15 пен 18 жас аралығындағы қыздар. Барлығы мектепте оқиды деп айта алмаймын. Көбісі — колледжде оқитын студенттер. Оның ішінде 17-18%-ы — сырттан келген студенттер. Басқа облыстан. Жалпы, 15 жастағы тек 7 қыз бар. Қалғаны 18 жасқа дейінгі қыздар", - дейді Нұрсұлу Мұхамбетярова.

Осы уақытқа дейін 144-і мемлекеттік емханаларда тексеруден өтсе, 16-ы жекеменшік клиникаларда тексерілген.

Ақ халаттылардың дабыл қағатыны, ерте жүктілік, қыздардың денсаулығына зиян. Мамандардың ақпарынша, өйткені, жаңа жетіліп келе жатқан қыздардың физиологиясы жүктілікке әлі дайын емес.

"Ең қауіптілігі – қан кету. Осы жас босануда көп кездеседі. Біз, мысалы, айтар болсақ, ананың өмірін қорғауға кетіп қалатын жағдайымыз болады. Ананың өлімі мен баланың өлі тууы болады. Жалпы, жасөспірімді жүктілік кезеңіне жеткізбеуіміз керек. Ол ешкімге айта алмай, құпия сақтап, сыртқа тастап кетуі мүмкін. Мысалы, дәретханаға тастайды. Екіншіден, түсік тастауы мүмкін. Бізде менталитет сондай, қыздар мәселесін ата-анасына айта алмауы мүмкін", - дейді дәрігер–гинеколог Шолпан Берсүгірова.

Ақтау қаласы полиция басқармасы ЖПҚ бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Гүлжан Мұхамбетқызының айтуынша, ай сайын емханаларда құқық қорғау органдары тарапынан тексерулер жүргізіледі екен.

"Қала көлемінде 11 жасөспірім жүкті екені анықталды. Олар 16-17 жасында жыныстық қатынасқа түсіп, жүкітілігімен емханаларға қаралады. Біз ай сайын тексеру актісін жасақтап, бар ақпаратты анықтаймыз. Қайдан келді, әкесі кім? Өз еркімен болды ма?", - дейді Ақтау қаласы полиция басқармасы ЖПҚ бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Гүлжан Мұхамбетқызы.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Маңғыстауда 160 жасөспірім қыз жүкті болып қалған
Mailfire view pixel