RU

UFC жұлдызы жекпе-жек барысында жарты ернінен айырылды

АҚШ-тың Вашингтон штатында өткен UFC on ESPN 7 турнирінде әйгілі нидерландық спортшы кездесудің аяқталуына бірнеше секунд қалғанда қарсыласынан оңбай таяқ жеп, ернінен айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

UFC жұлдызы жекпе-жек барысында жарты ернінен айырылды
Фото: instagram.com/p/B5zQRT3jDEn: UGC

Қара нәсілді оңтүстік америкалық спортшы голландиялық Алистер Овериммен кездесуге дейін тоғыз жекпе-жектің сегізін нокаутпен аяқтаған.

Оверимнің бапкерлік штабы Жаирзиньоның алғашқы бес минутта аса қауіпті екенінен хабардар еді.

39 жастағы Амстердамнан шыққан спортшы қарсыласына өзін соғуға мүмкіндік берген жоқ. Жаирзиньо да белісіз себептермен абай болып, жекпе-жектің қарқынын үдетуге асықпады.

Розенструйк тек төртінші раундта шабуылға ден қойды. Қарсыласын бұрышқа тақап, соққының астына алды. Сол сәтте суринамалық спортшы төрешілер шешімімен жеңіліп жатқан еді. Кездесудің тағдырын өз пайдасына шешу үшін оған жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтау қажет болды.

Кездесудің аяқталуына төрт секунд уақыт қалғанда Жаирзиньо "сол қолымен хук — оң қолымен супермен панч" сериясымен шабуылдап, Оверимді сұлатып түсірді.

Алистер бұдан соң ресми шешімді күтпестен тордан шығып кетуге бел буды. Бұған спортшының тек психологиялық соққы ғана емес, физикалық соққы алғаны да себеп болды.

Ол кездесу соңында ернінің жартысынан айырылып қалды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1830963-ufc-zldyzy-zekpe-zek-barysynda-zarty-erninen-ajyryldy.html