Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бүкіл Қазақстан күткен екен": Дильназ Ахмадиева алғаш рет жүктілігі туралы сыр шертті

Опубликовано:

Әнші Дильназ Ахмадиева алғаш рет жүктілігіне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі аяғы ауыр әйелдің кейпінде болуды көптен бері армандап келгенін жасырмады. Оның үстіне әнші бұл сәбиді тек өзі ғана месе, бүкіл Қазақстан халқы күткенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Gakku TV" арнасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/Instagram/dilnaz_akhmadiyeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram/dilnaz_akhmadiyeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

40-қа таяған шағында алғаш рет ана атанғалы жатқан әнші жүктілігі жайлы жан сырын ақтарып, бұл жаңалықты құпия ретінде сақтамағанын алға тартты.

Эстрада жұлдызының сөзінше, ол бар болғаны желі арқылы қалың көпшілікке жария салмаған.

"Білесіздер ме, мен бұл күнді аса қатты асыға күттім. Оны ары қарай жасыру қиын болды. Бірақ, мен ешқашан жасырған емеспін. Тек бәріне айтқан жоқпын. Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткен екен ғой. Барлықтарыңызға шын жүректен үлкен рахмет айтамын" , - дейді Ділназ.

Ахмадиеваның тұңғышы болжам бойынша көктем айларында дүниеге келмек. Алайда, сәбидің қыз ба әлде ұл ма, ол жағы әлі белгісіз.

"Баламыз бізге жынысы қандай екенін көрсетпеуде. Сол себепті, біз бұл мәселеге қатты мән бермеуге шешім қабылдадық. Сәбиім өте белсенді болса керек. Мінезі де оңай емес сияқты. Менің жолдасым да аса қуанышты. Ол үшін бұл жағдай аса маңызды тәжірибе болмақ" , - дейді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830971-bkil-kazakstan-ktken-eken-dilnaz-ahmadieva-algas-ret-zktiligi-turaly-syr-sertti/

pixel