RU
Талдықорғанда психикалық ауытқуы бар азамат автобусқа балтамен шабуыл жасады

Талдықорғанда психикалық ауытқуы бар азамат автобусқа балтамен шабуыл жасады

Рассказать Вконтакте

Талдықорғанда ер азамат жолаушылар автобусына балтамен шабуыл жасап, тұрғындарды шошытты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ taldykorganec_ka

Фото: Instagram/ taldykorganec_ka

Оқиға туралы ақпарат taldykorganec_ka парақшасында пайда болды.

"Құрметті қала тұрғындары! 6 желтоқсан күні сағат таңғы 7:00 шамасында Еркінде 26-мектеп маңындағы аялдамада ер азамат балтамен жолаушылар автобусына шабуыл жасап, терезелерді сындырды! Жүргізуші мен жолаушылар зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.

Zakon.kz ақпаратына сәйкес, бірнеше күннен кейін бұзақылық жасаған күдікті ұсталған.

"Аталған факті Еркін ауылында 6 желтоқсан күні тіркелді. Полицияға түскен ақпаратқа сәйкес, балта ұстаған белгісіз азамат жолаушылар автобусына шабуыл жасап, терезелерді сындырған. Соңғы аялдамада орын алған оқиғаға бірнеше адам куәгер болған. Бұзақының қолынан ешкім зардап шекпеген.
Аталған жайт туралы ақпарат пен сурет әлеуметтік желіде тарап кетті. Соған байланысты, тәртіп сақшылары қала тұрғындарын қылмыстық тергеу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс және бұзақыны іздеу бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар туралы хабардар етіп, сабырға шақырды", - деді облыс ПД баспасөз қызметінде.

Ұсталған 49 жастағы азаматтың психикалық ауытқушылығы бар болып шықты. Оның ресми түрде медициналық тіркеуде тұрғаны анықталды.

"Күдіктіні тануды қоса есептегенде, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілді. Балта да анықталып, тәркіленді", - дейді ведомствода.

Полицияда ұсталған азаматтың әрекетіне байланысты өңірдегі психоневрологиялық диспансерге орналастырылғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel