RU
"Miss Universe" халықаралық байқауында Оңтүстік африкалық ару жеңіске жетті

"Miss Universe" халықаралық байқауында Оңтүстік африкалық ару жеңіске жетті

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та "Miss Universe" халықаралық байқауы аяқталды. Сайыстың арнайы дайындалған тәжін Оңтүстік Африка Респуликасының атынан қатысқан Зозибини Тунци жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: іnstagram.com/zozitunzi / instagram.com/missuniverse

Фото: іnstagram.com/zozitunzi / instagram.com/missuniverse

Нәтиже "Miss Universe" байқауының ресми Instagram парақшасында жарияланған. Айта кету керек, Зозибини Оңтүстік Африка елінің намысын қорғап, жеңіске жеткен байқау тарихындағы үшінші қара нәсілді әйел.

Зозибини Тунциге тәжді өткен жылы жеңімпаз болған филиппиндік Катриона Грэй кигізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл жаңа тәж жасалған.

Сайыстың топ-5 финалистері қатарына Мексика, Пуэрто-Рико, Таиланд және Колумбия сынды елдердің арулары кірген. Бұл жылы байқауда 93 елдің бірінші сұлулары бақ сынасты.

Жаңа "Miss Universe" аруы ОАР-дағы Тсоло деп аталатын қалашықта туған. Қазір әлемнің ең сұлу бойжеткені 26 жаста.

Зозибини Тунцидің технология саласында бакалавр дәрежесі бар. Ол Cape Peninsula University of Technology-да білім алған. Дипломын алған соң Кейптаундағы Ogilvy компаниясында тәжірибеден өткен.

Оңтүстік африкалық сұлудың Instagram парақшасына 500 мыңнан аса оқырман жазылған. Ол үнемі өзінің жаңа сурет-видеоларымен бөлісіп отырады. Зозибиниді жеңімпаз деп жариялағаннан кейін оның желідегі парақшаларына оқырмандар көптеп жазыла бастаған.

Тунцидің гендерлік зорлық-зомбылық және стереотиптер мәселесімен айналысатыны әрі оны түбегейлі жойғысы келетіні белгілі. Жаңа "Miss Universe" жеңімпазының пікірінше, табиғилық - нағыз сұлулық.

Зозибинидің сөзінше, ол қара нәсілді әйелдерді сұлу деп есептемейтін елде өскен. Бойжеткен өзі сияқты әйелдерге қатысты қоршаған ортаның пікірін өзгерткісі келеді.

Еске салайық, 8 желтоқсанда өткен аталмыш байқауда Қазақстан намысын 18 жастағы Атырау қаласының тумасы, 2018 жылы "Қазақстан аруы" болған Альфия Ерсайын қорғаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel