RU

Роналдудан озды: Месси кезекті рекордын жаңартты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Аргентина құрамасы мен "Барселона" клубының капитаны Лионель Месси кезекті рекордына қол жеткізді. Әлемнің үздік футболшыларының бірі Испания чемпионатында 35 рет хет-трик (ред. - бір ойында үш гол соққан) жасаған алғашқы ойыншы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

Шабуылшы Ла-Лиганың кезекті турында "Мальорка" қақпасына үш гол соқты.

Бұл хет-трик аргентиналық футболшы үшін Испания чемпионатындағы 35-шісі болды.

Осылайша, Месси мадридтік "Реалдың" бұрынғы шабуылшысы Криштиану Роналдудың рекордын бұзды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Месси мансабындағы алтыншы "Алтын добын" жеңіп алды.

Мерекелік іс-шара Францияның астанасында өтті.

Eurosport.ru басылымының мәліметінше, Месси басты қарсыластары Вирджил ван Дейк пен Криштиану Роналдудан көп дауыс жинаған.

"Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы жылдың үздік футболшысын анықтау кешіне келмегені белгілі болды.

Ал өткен маусымның үздік қақпашысына берілетін марапатқа "Ливерпуль" қақпашысы Алиссон Беккер ие болды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Роналдудан озды: Месси кезекті рекордын жаңартты
Mailfire view pixel