Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Егіздің сыңары": Балжан Бидаштың жүрегін жаулаған жігіттің кім екені белгілі болды

Опубликовано:

"Кешью" тобында өнер көрсетіп көпке танылған Балжан Бидаш жақында қалыңдық атанды. Әншінің сүйіктісі "Жыл таңдауыңда" елдің көзінше оған үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Өнер иесі жүрегін жаулаған азамат туралы көп сыр ашқысы келмегенімен, бүгінде ол туралы кей деректер белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/ussen_balzhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ussen_balzhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Атышулы топтан кетіп, жеке әншілігін қолға алған арудың сүйіктісі өнер саласынан алшақ емес болып шықты.

Анықталғандай, 27 жастағы Үсен Оразалы танымал продюсер Жан Мұқановтың қарамағында жұмыс істейтін азамат. Оған қоса, ол егіздің сыңары екен.

Үсеннің егізі - Асан Оразалы Жан Мұқановтың досы әрі әріптесі.

Ал Балжан Бидаштың көмекшілері, стилистері мен әкімшілері де оның ғашығы жөнінде бейхабар болған.

Сол себепті, қарым-қатынастарын барынша жасырын ұстаған жұп "Жыл таңдауы" сахнасында көрермендермен қоса, жанында жүрген таныстарын да қатты таңғалдырған.

"Көмекшілерім, стилистерім, администраторларым білмеді. Дәл менің қасымда жүрген кісілерден басқасының барлығы білген сияқты. Мен бұл ұсыныс жаңа жылда, немесе жаңа жылдан кейін түседі деп ойладым. Сол себепті, мұның барлығы күтпеген жерден болды. Келін болуға дайынмын. Себебі, қайын жұртымның қандай кісілер екенін білемін. Сол себепті еш қорықпаймын" , - дейді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Балжан Бидашқа сүйіктісі ұсыныс жасағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830994-egizdi-syary-balzan-bidasty-zregin-zaulagan-zigitti-kim-ekeni-belgili-boldy/

pixel