Выйти
RU

400 мың алған: Шымкентте білім басқармасы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкентте білім басқармасы қызметкерлерінің біріне қатысты сот ісі аяқталды. Ол жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сыбайлас-жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ведомство таратқан хабарламада күдікке Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Базарова ілінгені айтылған.

Іс материалдарына сәйкес, күдікті орта мектептердің біріндегі оқу бөлімінің меңгерушісін алдап, одан 400 мың теңгесін алып кеткен.

Осы сома үшін басқарма қызметкері құрбанына тест тапсыруда көмектесуге уәде берген. Ал тест нәтижелері бойынша білім беру мекемесінің қызметкері мектеп директоры лауазымына тағайындала алатын болған.

Күдіктінің ісі Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық сотында қаралған. 6 желтоқсанда оған сот үкімі шығарылып, ол алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Айта кетсек, елордада патрульдік полицияның арнайы батальон қызметкеріне Қылмыстық Кодекстің 366-бабы 2-тармағына сәйкес үкім шыққан.

Оған сәйкес, бұрынғы полицей 3 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
400 мың алған: Шымкентте білім басқармасы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
Mailfire view pixel