Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш баланың анасы желіде қалай миллионер атанғаны туралы айтып берді

Опубликовано:

Алматылық Әлия Нұрмұқанова желіде түрлі әңгіме жазып, оқырмандардың жүрегін баурап алған екі баланың анасы. 34 жастағы келіншек KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, әлеуметтік желі арқылы миллиондап табыс табуға болатынын ашып айтты.

Үш баланың анасы желіде қалай миллионер атанғаны туралы айтып берді (фото)
Әлия Нұрмұқанова. Фото: Instagram: Original

- Әлия қай жақтың тумасы боласыз?

Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Калинин ауылында дүниеге келдім. Жолдасым Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Бірінші май ауылынан. 3 балам бар. Жасым 34-те.

- Желіде парақшңызды белсенді жүргізеді екенсіз, блогерлікке қалай келдіңіз?

Блогерлікке келгеніме екінші жыл болады. Түрлі парақшаларды оқып, қызығып "менің де қолымнан келеді" деген оймен өз блогымды бастап кеттім. Бастапқыда тек сутаж техникасымен қолөнер бұйымдарын жасап, соны сатумен ғана айналысатын едім.

- Әңгіме де жазады екенсіз, оны қай уақыттан бастап қолға алдыңыз?

Әңгімелерді былтырдан бастап жаза бастадым. Алдыңғы парақшамда әңгімелер көп болған, бірақ ол парақшам хаккерлердің қолына кеткендіктен, парақшаны қайтадан аштым.

- Парақшаңызда миллионермін деп жазыпсыз, сонда желі арқылы көп табыс табуға бола ма? Өзіңіз құпия болмаса қанша табыс табасыз?

Инстаграм қазіргі уақытта көп жастардың мемлекеттік, тағы да басқа жұмыстарға қарап отырмай, көзін тауып, мол табыс табуға мүмкіндік ашып отыр. Айлық табысым миллионға жеткен кездер болады, жетпейтін де кездері бар.

- Жарнама арқылы табыс табасыз ғой, демек?

Тек қана жарнама емес, талпынысы бар жастарды өзімнің блогерлік марафон курстарыма, психологиялық тренингтеріме шақырып, білім беремін.

- Қазір, шыны керек, түрлі блогерлер мен парақшалар көп, олардың барлығын бірдей оқыған дұрыс па? Өзіңіз кімдерді жиі оқисыз?

Өзімнің желіде отыруға аса уақытым жоқ, парақшаға тек пост саларда кіремін, мен анда-санда оқитын бір екі парақша бар Акерке Әбілхан мен «Тракторшының махаббатын» оқимын.

- Мамандығыңыз бойынша жұмыс істеп көрдіңіз бе?

Мамандығым бойынша жұмыс жасағым келмеді, сол себепті жасамадым, қазір шын талантты ешкім бағалап жатқан жоқ. Бірақ өмірлік жолымды осы блог арқылы тапқандаймын.

-Қазір жас отбасылардың арасында ажырасу көп, оның себебі неде деп ойлайсыз?

Отбасында екі жақ бірдей кінәлі, ол өзгермейтін факт. Қазір көп жастар бір-бірімен аз сөйлесетін сияқты, көп мәселелер сол ашылып сөйлесіп, бір бүтін адамдай бола алмауларында шығар деп ойлаймын.

- Жас блогерлерге айтар ақыл-кеңесіңіз?

Адам болып бұл дүние есігін ашқаннан кейін ешнәрседен қорқып, жалтақтаудың қажеті жоқ. Алға ұмтыла беру керек! Бір есік жабылса алдыңыздан мүмкіндігі зор екі үш есік бірден ашылуы мүмкін, ең бастысы позитивті ой адамның таптырмас серігіне айналуы керек. Өмір тек сол кезде ғана жақсы жаққа өзгерері хақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831002-s-balany-anasy-zelide-kalaj-millioner-atangany-turaly-ajtyp-berdi-foto/

pixel