RU

Ересектерге арналған фильмдерге түскен 14 баланың анасы өткен өмірі жайлы баяндап берді

2009 жылы бірден сегіз сәбиді дүниеге әкелген Натали Сулеман 14 баласын асырау үшін түзу жолдан тайғанын сөз етті. Оның айтуынша, ол өткен өмірінде түнгі клубтарда стриптиз биін билеп, ұятсыз фильмдерге түсіп, нәпақасын тапқан екен деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Ересектерге арналған фильмдердің жұлдызы болған 14 баланың анасы өткен өмірі туралы айтты
Фото: instagram.com/nataliesuleman: UGC

Бірден сегіз баланы дүниеге әкелген ана өмірінде бірнеше пластикалық ота жасатқанын алға тартты. Айтуынша, ол үш баланы емізгеннен кейін кеудесін үлкейтіп, сегіз егізді дүниеге әкелгеннен кейін липосакция жасаған.

Натали о баста, сегіз егізді дүниеге әкелмес бұрын алты баланың анасы болған. Ол тағы бір баланы босану үшін экстракорпоралды ұрықтандыру процедурасына жүгінген.

Алайда дәрігерлер оған 12 эмбрионды бірдей енгізген. Ақ халаттылар эмбриодардың біразы тірі қалмайды деген ойда болыпты.

2014 жылы келіншектің анасы қатерлі ісіктің салдарынан дүниеден озды. Ал бір жылдан кейін жантүршігерлік апатта әкесі қайтыс болды. Осылайша әйел адамның өмірінде қиын кезеңдер жиілей түсті.

2009 жылы жұмыссыз бола тұра сегіз баланы дүниеге әкелуге бел буған Натали көпшіліктің сынына қалды. Оның суреттері тіпті, бүкіл ғаламтор бетіне тарай бастады.

Не де болса 14 баланың анасы атанған келіншек нәпақа табу үшін ұятсыз фильмдерге түсіп, түнгі клубта стриптиз биін билеуге мәжбүр болды.

Бүгінгі таңда келіншек өткен өмірін ұмытуға тырысып, Калифорния штатында кеңесші болып жұмыс істейді екен.

Ол күн сайын балаларды мектепке апару үшін таңғы 5-те тұрады. Натали 15 жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткен. Әйел адам балаларына барынша көңіл бөлігісі келетінін, қарым-қатынас құруға уақыты жоқ екенін сөз етті.

Ересектерге арналған фильмдерге түскен 14 баланың анасы өткен өмірі жайлы баяндап берді
Фото: bigpicture.ru: UGC
"Қыздарымның біреуі мен жүрген жолды жүріп өткенше, 14 баламмен далада қалғаным артық", - деді Натали.
Ересектерге арналған фильмдерге түскен 14 баланың анасы өткен өмірі жайлы баяндап берді
Фото: bigpicture.ru: UGC

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831008-eresekterge-arnalgan-filmderge-tsken-14-balany-anasy-tken-miri-zajly-baandap-berdi.html