Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Иә дедім": Ресейлік әнші МакSим екінші мәрте тұрмысқа шықпақ (фото)

Опубликовано:

Ресейлік танымал әнші МакSим екінші мәрте қалыңдық атанбақ. Бұған дейін отбасылы болған өнер иесінің жаңа қарым-қатынасы жайлы қауесеттер желіде тарап кеткен болатын. Ал осыдан бірер күн бұрын шоу-бизнес жұлдызы жүзікпен түскен суретін жариялап, сүйіктісінің ұсынысына келісімін бергенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/maksimartist. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/maksimartist. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Ажырасқан соң, бірқатар қарым-қатынасы сәтсіздікке ұшыраған әнші көпшілікке жеке өмірі жайлы тіс жармайтын болған.

Алайда, МакSимнің жанкүйерлері оның жүрегі бос емес екенін бұрыннан болжап келеді.

Белгілі болғандай, тыңдармандардың болжамы рас болып шықты. Осыдан екі күн бұрын ресейлік эстрада жұлдызы желіде тұрмысқа шыққалы жатқанын жария етті.

Дәлел ретінде әнші сүйіктісі ұсыныс кезінде таққан сақинасымен түскен фотосын жүктеді.

"Мен иә дедім" , - деп жазып қойған ол суреттің астына.

Дегенмен МакSим ғашығының кім екенін құпияда қалудыруды жөн көрген. Өнер иесінің сөзінше, оның жүрегін жаулаған ер азамат әлеуметтік желілерде отырмайды.

Оған қоса, ол шоу-изнес саласына жақын емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1831009-i-dedim-resejlik-nsi-maksim-ekinsi-mrte-trmyska-sykpak-foto/

pixel