RU

"Еңбегіңіз орасан": Тұрсынбек Қабатов Тасмағамбетовты туған күнімен құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовты туған күнімен ерекше құттықтады. Ол желіде белгілі саясаткерге қатысты бар ойын ортаға салып, оған деген өзінің жүрекжарды тілегін арнаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kabatov_tursinbek_resmi. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/kabatov_tursinbek_resmi. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Тұрсынбек Қабатов Instagram парақшасында Тасмағамбетов жайлы жазба жариялап, онда көпке сыйлы тұлғаның елге сіңірген ерен еңбегін жоғары бағалап өтті. Әзілкеш Иманғали Нұрғалиұлын туған күнімен құттықтап, онымен бірге түскен суреттерімен бөліскен.

"Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы ,сіздің елге сіңірген еңбегіңіз орасан зор. Өркениетке, мәдениет пен өнерге, елдің көркейіп, қанат қағуына зор үлес қостыңыз. Елге тұтқа болар азаматтардың арасында сіздің есіміңіз айырықша аталады. Қазір екі елдің арасын жалғап тұрған достық қарым-қатынастың алтын көпірі болып жүрсіз.
"Елдестірмек елшіден" демекші, Ресей мен Қазақстанның бірлесіп батыл қадамдар жасалуына зор ықпал етіп жүрсіз. Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы! Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Әрдайым халқыңыздың ыстық махаббатына бөленіп жүре беріңіз" , - деп тілек білдірді ол.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Еңбегіңіз орасан": Тұрсынбек Қабатов Тасмағамбетовты туған күнімен құттықтады
Mailfire view pixel