RU

Шпекбаев шенеуніктерді жаңа жылдық сыйлықтан бас тартуға шақырды

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаев қазақстандық шенеуніктерге үндеу жолдап, олардың азаматтардан тіпті кішігірім сыйлықтың өзін қабылдай алмайтынын айтып, ескерту жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шпекбаев шенеуніктерді азаматтардан жаңа жылдық сыйлық алудан аулақ болуға шақырды

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы жазба шенеуніктің Facebook парақшасында жарияланды. Хабарламада айтылғандай, ведомство нәтижесі айтарлықтай үлкен іс тындырыпты.

Маманның пікірінше, мемлекеттік аппарат жұмысы ашық әрі анық бола бастаған. Бұл мемлекет пен оның халқы арасындағы қашықтықты қысқартуға мүмкіндік берді.

Бұған қазақстандықтардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі пайда болып, кері байланыс сапасының жақсаруы әсер еткен.

Сонымен қатар, ведомство басшысының пайымдауынша, елімізде үкіметтік емес сектордың рөлі артыпты. Аталған мәселеге, Шпекбаевтың сөзінше, "Nur Otan" партиясы, Қазақстан халқының Ассамблеясы және қоғамдық кеңестер белсенді түрде қатыстқан.

Аты аталған ұйымдардың көмегімен мемлекет пен халық арасында диалог құру мүмкіндігі пайда болды.

Жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының пікірінше, атқарылған жұмыстың тағы бір оң нәтижесі - 348 ХҚКО-дан тұратын желіні құруға көмектескен цифрландыру болды. Оның арқасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді.

Бұдан бөлек, Шпекбаев мемлекеттік қызметкерлердің этика деңгейінің айтарлықтай өскенін атап өтті.

Оның сөзінше, бұған шенеуніктер арасында маскүнемдік, дөрекілік және басқа да қолайсыз мінез-құлық фактілері туралы дер кезінде келіп түскен хабарламалар әсер етеді.

Сонымен қатар, ведомство басшысы мемлекеттік қызметкерлерге үндеу жолдап, азаматтардан кішігірім сыйлықты қабыл алудың өзі этика мен заң бұзушылық болып есептелетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін шенеунікке бір қорап шоколад сыйламақ болған келіншектің жарты миллион теңге айыппұл төлегенін хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шпекбаев шенеуніктерді жаңа жылдық сыйлықтан бас тартуға шақырды
Mailfire view pixel