RU

Жаңа жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақының жаңа түрі берілмек

Елімізде 2020 жылдан бастап 347 мың отбасыға жәрдемақының жаңа түрі беріледі. Бұл туралы Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Министрдің айтуынша, жаңа жылдан бастап кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындалғанда отбасының табысына қарамайды.

  • 4 балаға 42 496 теңге;
  • 5 балаға 53127 теңге;
  • 6 балаға 63 757 теңге;
  • 7 және одан көп балаға 74 388 теңге беріледі.
"Көпбалалы отбасыларға жеке мемлекеттік жәрдемақы енгізу көзделген. 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға, яғни 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар жанұяларға отбасының табысына қарамастан жәрлемақы төлеу көзделіп отыр. Біздің есебіміз бойынша, аталған жәрдемақыны жаңа жылдан 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы алатын болады", - деді Нұрымбетов.

Ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа жәрдемақы неше отбасыға тиесілі болатынын тілге тиек етті.

"Жаңа жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақы 347 мың отбасыға тиесілі болады, оның ішінде 245-246 мыңы бұған дейін осы тектес жәрдемақы алған болатын. Сәйкесінше, бұл отбасылар бойынша бізде толық мәлімет бар. Сондықтан олар қайтадан өтінім жазып, құжат толтырмайды.
Ал қалған 103 мыңы бойынша мәлімет ақпараттық жүйеде шоғырланған. Өздеріңіз білесіздер, бала туған кезде ол жайында деректер тиісті жүйеде тіркеледі. Егер де қандай да бір сұрақтар туындаса, онда орталық азаматтарды өздері шақыртып, мәліметтерді нақтылайды. Сондықтан 2020 жылдан бастап барша 347 мың отбасы өздерінің жәрдемақысын алады", - деді Нұрымбетов.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831022-zaa-zyldan-bastap-leumettik-zrdemakyny-zaa-tri-berilmek.html