RU
"Төркініне жібермеймін": Анасы қатаң бойжеткен болашақ келіні үшін алаңдады

"Төркініне жібермеймін": Анасы қатаң бойжеткен болашақ келіні үшін алаңдады

Рассказать Вконтакте

19 жастағы інісінің атастырылғанын сөз еткен бойжеткен болашақ келінін өз отбасына қимайтынын алға тартты. Оның айтуынша, анасы мен інісі әзірден бастап келінге көп нәрсеге тиым салып, талаптар қоюда. Олар 17 жастағы бойжеткенге күн көрсетпеуді мақсат етіп отыр екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Төркініне жібермеймін дейді": Анасының болашақ келініне тісін қайрап отырғанын айтқан ару мұңын шақты

Көрнекі фото: pxhere.com

Бұл туралы бойжеткен Instagram-дағы astana__forum параққшасында жазды.

"Жасым 22-де, інім болс 19 жаста. Келесі жылы үйленемін дейді. Болашақ келініміз өте сұлу, биязы мінезді. Інімді де жақсы көреді. Ал менің інім сондай қызғаншақ, оның үстіне бірнеше жыл бұрын дінге беріліп кеткен. Ол анамның жалғыз ұлы. Біздің отбасымыз жақсы еді. Әкем кең жүректі адам.
Ол ата-анасынан бөлек тұрғандықтан, анам қалаған киімін киіп, қалаған уақытында үйден шыға беретін. Бірақ өзінің болашақ келінін әзірден жек көреді. Інім қызына хиджаб кидіріп, оны үйден шығармайды. Құрбылары мен телефоны жайлы мүлед ұмыттырды. Енді оған анам қосылып, үйленгеннен кейін келінін төркініне де жібермейтінін айтып отыр", - деді кейіпкер.

Арудың сөзінше, анасы 17 жасында ұйлына тұрмысқа шықпақ болып жүрген болашақ келінін сөгіп отырады екен.

"Анамның талаптарынан төбе шашым тік тұрады. Мен келініміз жаққа шыға қойсам, өзіме ашуланып кетеді...Ол біздің үйге келіп, қонақ қарсы алуға көмектессе, анам: "Оған неменеге көмектесесің? Үйрене берсін", деп отырады. Ал мен болашақ келініммен құрбы болғым келеді. "Ата-анасы тәрбие бермеген, 17 жасында тұрмысқа шығып не көрінді" деп сөгіп отырады", - деп жазды сылқым.

Анасынан көңілі қалған бойжеткен оған тіпті, болашақ күйеуін де көрсеткісі келмейді екен. Себебі күйеу баласына да ананың қояр талаптары жетеді екен.

"Інім қызына бағалы сыйлықтар жасаған кезде, анам басымызға шығарып аламыз деп ұрысады. Қызынан кешірім сұрауға рұқсат бермейді...Анаммен тіпті, болашақ күйеуімді таныстырғым келмейді, шошытып аламын ба деп қорқамын. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Әлде жақындарымның біреулерге жамандық істеп жатқанын көріп, бей-жай отыра берейін бе?", - дейді ару.
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel