RU

34 жастағы финляндиялық әйел әлемдегі ең жас премьер-министр атанды

Финляндияның министрлер кабинетіне басшылыққа келген 34 жастағы Санна Марин әлемдегі ең жас премьер-министр атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/sannamarin
Фото: instagram.com/sannamarin: Twitter

Санна қазіргі тағайындауға дейін көлік және байланыс министрлігіне жетекшілік еткен.

Фин үкіметінің жаңа басшысы туралы көп мәлімет белгілі болмағанымен, ол - әкімшілік ғылымдар бакалавры.

Марин 6 жыл бұрын Финляндияда үлкендігі жағынан үшінші шаһар саналатын Тампередегі қалалық кеңсті басқарған.

2014 жылы Марин Социал-демократиялық партияның екінші басшысы, яғния вице-президенті қызметін атқарған.

Оның фин парламентінде еңбек еткеніне төрт жыл болған.

Yle фин басылымының жазуынша, елдің жаңа премьер-министрі атанған Марин әлемдегі ең жас үкімет басшысы болған. Бұған дейін бұл атақ украиналық премьер, 35 жастағы Алексей Гочарчукка тиесілі еді.

Айта кету керек, үкімет құрамының көбісі әйелдерден құралған. Елдегі партиялардың да басшылары нәзік жандылар.

Марин дауыс беру нәтижесінде жеңіске жеткенімен, ол әлі қызметіне кіріскен жоқ. Финляндия президенті жаңа министрлер кабинетін бекіткен сәтте, 10-желтоқсан күні Санна Марин да премьер-министр лауазымында еңбек етуді бастайды.

Марин - Instagram желісінде белсенді, оның 7 мыңнан астам оқырманы бар.

Жаңа премьердің жеке парақшасына қарап, оның саяси мансабы мен жеке өмірін қатар алып жүргенін аңғаруға болады. Санна - бақытты ана әрі әйел. Ол отбасылық фотоларымен жиі бөлісіп отырады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831039-34-zastagy-finladialyk-jel-lemdegi-e-zas-premer-ministr-atandy.html