Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депозиттің көмегімен автокөлік алу үшін ақшаны қалай жинауға болады

Опубликовано:

Нұрфин редакциясы автокөлікке ақша жинап жүрген алматылық Тимурмен танысты. Ол қаражатын бір банкте ашылған екі депозит арқылы жинайды. Ер адам бізге жинау процесі қалай жүргізілетінін айтып берді.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
Тимур, 35 жаста: Жақында әйелім екеуіміз автокөлікке немесе пәтер алу үшін алғашқы салымға ақша жинаймыз деп шештік. Ең алғашқы ой депозит ашу болды. Салымды оңай басқарып отыру үшін жалақы алатын банктен рәсімдедік. Бұл қажет болған жағдайда кез келген уақытта ақшаны алуға болатын депозит түрі. Ондағы табыс 9,5% құрады.
Бірақ ақша депозитке жетпегендіктен, жинау мүмкін болмады. Өзіңіз білесіз, егер ақша болса, оны жұмсауға себеп те табылады. Кейін мен 250 000 теңге көлеміндегі жалақым мен басқа да кірістерімді мобильді қосымша арқылы жалақылық есеп шоттан депозитке аударуға шешім қабылдадым.
Ақша қажет болған кезде тек қажетті соманы ғана кері аударып алдым. Сондай-ақ депозиттен бөліп төлеуге алынған тауарлардың ай сайынғы төлемін, несие картасының есеп шотын жауып, коммуналдық шоттарды төлеймін. Ай сайын аздаған пайыз жиналады. Шамамен екі немесе үш мың, бірақ мұның өзі кіріс. Онымен мәселен, мобильді байланысты төлеуге болады.
Ал депозиттегі қаражат қолма-қол ақшадан аз жұмсалады. Бірақ жұмсалады. Депозитте қалған, оңай алуға болатын ақшаны қайда жұмсайтынымызды да таптық.
Бірде интернетте мен депозиттер бойынша ставкалар туралы мақаланы оқып және кейбір депозиттер біздің депозитке қарағанда пайыздық мөлшерлемені сәл жоғары деп ұсынатынын көрдім. Белгілі болғандай, осындай депозиттерден ақша ала алмаймыз, бірақ ешқандай шектеулерсіз толықтыруға болады.
Менің банкімде де жылдық 10,6% ашылатын депозит түрі бар екенін білдім. Сонымен бірге, олар ай сайын сыйақы төлеуге уәде береді, бірақ ақшаны депозиттік шоттан алу мүмкін емес.
Мен мұндай жарнаны ескіге параллель етіп, "қосымша" 15 мың пайда болғанда ашқым келді. Келесі айда мен сол схеманы жасадым: жалақымды тұрақты депозитке аудардым, барлық төлемдерді төледім, азық-түлік сатып алдым және т.с.с. Мен келесі жалақымды алған кезде, бізде жоғары пайыздық мөлшерлемемен басқа депозит ашуға ақшамыз қалды.
Мен мұны қосымша арқылы жасадым. Алдыңғы жалақыдан қалған 50 мың теңгені сонда аудардым. Мен мұны әр ай сайын жасаймын: түскен жалақыны алу құқығы бар депозитке аударамын, мен оны шығарып аламын, есеп картама аз сома аударамын, және бірнеше мың қалса да, мен оларды алу құқығы жоқ депозитке аударамын. Қосымша кіріс пен сыйақыларды да бірден сонда аударамын.
Жарты жылдан сәл көбірек уақытта біз 600 000 теңге жиндық. Әзірге ірі сатып алуға жетпесе де, бұл алға қарай жасалған үлкен қадам. Жұбайым жұмысқа орналасса, одан да көбірек жинауға тырысамыз.
Меніңше, несие төлегенше, ақшаны депозитке салған дұрыс. Біз ақшаны банкке бергенде, оны қайта ала алмаймыз. Ал шешіп алуға құқығы жоқ депозитке салсақ, мерзімі біткенше шешіп ала алмасақ та, ол бәрібір біздің ақшамыз болып қалады".
Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Тимурдың әңгімесінен соң, біз автокөлікке қанша уақытта қаржы жинауға болады деп ойландық.

Ол үшін біз барлық банктің ресми сайттарынан табылатын депозиттік калькуляторды аштық. Бір жыл бойы ай сайын 50 000 теңге салып отырсақ не боларын есептедік. Осылайша жыл ішінде 600 000 теңге және оған қосымша 46 000 теңге көлемінде үстеме ақы жинауға болады.

Мысал ретінде, біз толтыруға болатын, бірақ шешіп алуға рұқсат етілмеген жинақтық депозиттегі пайыздық мөлшерлемені алдық.

Депозиттің көмегімен автокөлік алу үшін ақшаны қалай жинауға болады
Депозиттің көмегімен автокөлік алу үшін ақшаны қалай жинауға болады: Twitter

Ай сайын 50 000 салып отырсаңыз, үш жылда 2 233 000 теңге жиналады. Бұл автокөлігіңізді айырбастауға жетеді. Ал егер одан да көбірек салсаңыз, сомаңыз бірден өсіп, тұрғын-үй жағдайыңызды жақсарту туралы ойлануыңызға болады.

Айта кету керек, депозитті ірі сомамен де, ұсақ сомамен де шектеусіз толтыруға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1831047-depozitti-kmegimen-avtoklik-alu-sin-aksany-kalaj-zinauga-bolady/

pixel