RU
"Жақындасып қойдық": Сүйген жігіті теріс айналған ару сырын ақтарды

"Жақындасып қойдық": Сүйген жігіті өзінен теріс айналған ару сырын айтты

Рассказать Вконтакте

Үш жарым жыл бір жігітпен көңіл қосқан 23 жастағы ару жан сырын ақтарды. Ол үйленуге бел буған сүйіктісі көзіне шөп салғанын біліп қойған екен. Бірақ, "қояды-ау" деген үмітпен кешірген көрінеді. Алайда, ғашығы мұнымен тоқтамай, достарымен қыдыруды әдетке айналдырып, адам танымастай өзгеріп кетіпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Алаш айнасына" сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бойжеткеннің сөзінше, жігіттің әлеуметтік жағдайы төмен, өзі де ешқандай әрекет жасағысы келмейді.

"Біз жақындасып қойғанбыз. Ол маған "сен қайда барасың, үйдегілеріңмен танысып қойдық, сен менікісің" деп айтып жүрді. Сезімім суып кетсе де, сол үшін өзімнің күнәмді өзім көтеремін, шыдаймын деп жүрдім. Оның жағдайы бізге қарағанда төмендеу. Тұрақты жұмысы да болмады, мамаларым жақсы жұмыстар ұсынып еді, істегісі келмеді!",- деп күйінді ол.

Бойжеткен осыдан үш ай бұрын сүйіктісінен кетіп қалғанын айтады.

"Анама түсіндіріп айттым, жеңешем басынан қарсы болған, мүлде ұнатпады. Қазір қайта мазалап жүр, "сен кетпеші бәрін жасаймын, енді түсіндім қадіріңді" дейді! Бауыр басып қалыппын, көргенде қиналамын, тек бүкіл жігітке деген сезімім мен сенімімді сол алып кеткендей!",- дейді ару.

Қазір басқа жігіттің ұсынысына ойланып жүрген қыз махаббат сезімін сезіне алмай жүргенін айтады.

"Бір жігіт үйленуге сөз салып жүр. Жұмысы, үйі бар отбасы жақсы. Мені жақсы көретінін сеземін. Жеңгем де "жақсы бала" деп қоймайды. Менің өмірім жайлы барлығын біледі. Маған ештеңе маңызды емес, тек қасымда болшы деп жүр. Ал менде оған деген сыйластықтан басқа сезім жоқ, ішім жылымай-ак қойды, жақсы көре алмайтын секілдімін. Жеңгем "сен оның түріне қарап менсінбей жүрсің ғой, өзің түзеп аласың, үйреніп кетесің" дейді. "Өзіңді сүйгенге шық" дейді, білмеймін, ойланып басым қатты, тұрмысқа шыққаннан кейін жақсы көріп кету мүмкін бе? Өкінгім келмейді",- деп түйіндеді ол.
Сіздің реакцияңыз
4
1
2
4
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel