RU

Қытайда 11 жыл бойы өлім жазасын күткен тұтқын ақталып шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Қытайда біреудің қылмысы үшін 11 жыл түрмеде отырған ер адам бостандыққа шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Ли Цзянонг (сол жақта) Фото: Weibo

Ли Цзянонг (сол жақта) Фото: Weibo

2008 жылы 51 жастағы Ли Цзянонгқа көршісі – 75 жастағы Цао Цзюйинді өлтірді деген айып тағылып, атқарылуы кейінге шегерілуімен өлім жазасына кесілді. Содан бері ол түзету мекемесінде ең қатаң жазаны күтіп жатқан екен.

Цзюйин 2007 жылдың соңында қаза болған. Оның мәйіті өзі зейнетке шыққанша жұмыс жасаған цемент фабрикасындағы қазылған шұңқырдың ішінен табылды. Аузы изолентамен оралып, ал басында соққыдан қалған жарақаттар болған.

Полиция егде жастағы әйелді көршілес тұратын танысы өлтірген болуы мүмкін деп шешіп, Ли Цзянонгты тұтқындаған. Тергеу оның қылмысқа бару себебін анықтай алмаған, қылмыс қаруын да таппаған, сондай-ақ қылмыс жасалған орынды да анықтамаған. Дей тұрғанмен, ер адамды кінәлі деп танып, жазаға тартыпты.

Содан он жыл өткен соң Цзянонгтың туыстары істің қайта қаралуына қол жеткізді. Бұл жолы сот оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар жеткіліксіз деп шешіп, үкімнің күшін жойды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 46 жыл бойы түрмеде өлім жазасын күткен жапониялық азаматтың ақталып шыққанын хабарлағанбыз.

Ивао Хакамада түрмеде 46 жылын, оның ішінде 34 жыл уақытын жеке камерада өткізген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайда 11 жыл бойы өлім жазасын күткен тұтқын ақталып шықты (фото)
Mailfire view pixel