RU

Козловскийдің фильміне түсу үшін қазақстандық азамат 20 млн теңге берген

Рассказать Вконтакте

Жақында Қазақстан астанасында қайырымдылық бал өтті. Онда ресейлік режиссер және актер Данила Козловскийдің жаңа фильміне түсу туралы қызықты лот ойнатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Данила Козловский. Фото: Sputnik/Владимир Трефилов

Данила Козловский. Фото: Sputnik/Владимир Трефилов

Қысқы балда бірнеше лот ойналды, олардың ішіндегі ең қызықтысы, ресейлік фильмдегі ұсынылған рөл болып табылды.

Белгілі болғандай, Данила Козловскийдің фильміне түсу үшін қазақстандық 20 миллион теңге төлеген.

Sputnik Қазақстан басылымының мәліметінше, лотты сатып алушы аты-жөнін атамауды сұрады.

Еске сала кетсек, осыған дейін Мәскеуде Данила Козловскийдің "Бапкер" атты су жаңа кино туындысының алғашқы көрсетілім болып өтті.

Ол бұл фильмде режиссер, сценарий авторы және продюсер қызметтерін қоса алып жүрді. Козловский аталған кинодағы басты рөлді де сомдаған.

Ресейлік актердің режиссер қызметіндегі тұнғыш туындысы көпшіліктің көңілінен шыққан.

Тіпті қазақтандық көрермендер де өзінің оң пікірлерін білдіріп жатыр.

Актердің Instagram парақшасына жүктеген фотосынан қазақстандық туды байқап қалған ел тұрғындары оған қатты таңғалған.

Кәсіби актерлар арасынан бой көрсетіп, қазақ туын кеудесіне басқан отандасымыз үшін қуанғандар саны арта түсті.

Қазақстандықтар оны өз фильміне түсірген Козловскийге деген сыйластығы мен ыстық ықыласын білдіріп жатты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Козловскийдің фильміне түсу үшін қазақстандық азамат 20 млн теңге берген
Mailfire view pixel