RU

Назарбаев 90 жасқа келген Төлегенованы қабылдады (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстаның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегеновамен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eлбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Elbasy.kz

Фото: Elbasy.kz

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толуымен құттықтады.

Әңгіме барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті опера әншісінің шығармашылығымен алғашқы танысқан кезіндегі естеліктерімен бөлісті.

"Сіз біздің халқымыздың шынайы сүйіспеншілігіне ие болдыңыз. Сізге ұзақ өмір, таусылмайтын энергия және көрермендердің қошеметін тілеймін. Концертіңіз керемет өтіп, дәстүр бойынша көрермендердің жоғары бағасына ие болды", - деді Елбасы.

Өз кезегінде Төлегенова Тұңғыш президент қорының қолдауымен өткен X вокалистер байқауының нәтижелері туралы айтты.

"Сізге қамқорлық танытқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Отандық мәдениет пен өнер саласын дамытуға қандай қолдау көрсетіп жатқаныңыз туралы айтуға сөзім жоқ", - деді КСРО халық әртісі.

Еске сала кетсек, Абайдың 175 жылдығы арналған эстафетаны еліміздің күміс көмей бұлбұлы, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова жалғастырған болатын. Ол ақынның "Жүрегім ойбай соқпа, енді" өлеңін әнмен орындады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев 90 жасқа келген Төлегенованы қабылдады (фото)
Mailfire view pixel