RU

Нұр-Сұлтан тұрғыны баласының екпеден кейін көз жұмғанын мәлімдеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астаналық әйел бір жасар қызының қызылша ауруына қарсы екпе салынғаннан бірнеше күн өткен соң қайтыс болғанын мәлімдеді. Алайда, дәрігерлердің ресми тұжырымына сәйкес, сәби жүрек жетіспеушілігінен көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қара жамылған ана өз қайғысымен Instagram парақшасында бөлісті. Айтуынша, 21 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында оның қызына қызылша ауруына қарсы екпе салынған.

Содан сегіз күн өткен соң сәби қайтыс болған. Анасы оның қатты азаптанғанын айтады.

Медиктер мен мәйітхананың ресми тұжырымдарында баланың жүрек жетіспеушілігінен көз жұмғаны жазылған. Алайда, қыздың анасы бұл шешіммен келісуге үзілді-кесілді бас тартып отыр.

Ол алдағы уақытта оқиғаның анық-қанығына жету үшін тексеру жүргізуге ниетті екенін алға тартты.

Қайтыс болған сәбидің отбасы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау ведомствосына шағымданды.

Today.kz-тің ақпары бойынша, аталған шағым бойынша тексеріс басталып кеткен. Оның нәтижелері кейінірек белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қызуы көтеріліп, әлсіреп қалған баланы ауруханаға жатқыза алмай сенделген, ақыры соңында бүлдіршіннен айырылып қалған ақтөбелік жанұяның қайғылы оқиғасы туралы баяндаған едік. Марқұм қыздың жақындары мезгілсіз қазаны дәрігерлердің салғырттығынан көріп отыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан тұрғыны баласының екпеден кейін көз жұмғанын мәлімдеді
Mailfire view pixel