RU
Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионы атағынан айырылды

Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионы атағынан айырылды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық спортшы Владимир Седов 2009 жылғы әлем чемпионы атағынан және басқа да жүлделерінен айырылды. Сәйкес шешімді Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қабылдады деп хабарлады KAZ.NUR.KZ Sputnik Әзербайжанға сілтеме жасап.

Владимир Седов. Фото: Ztb.kz

Владимир Седов. Фото: Ztb.kz

Енді ол допинг дауына байланысты федерацияның шешімі бойынша 2008-2016 жылдар аралығында қол жеткізген барлық жүлделерін қайтаруы тиіс.

Айта кетейік, отандасымыз 2009 жылы әлем чемпионатында және 2016 жылы Азия чемпионатында алтын медаль, 2011 мен 2014 жылдары әлем біріншіліктерінде күміс медаль және 2013 жылы әлем чемпионатында қола медаль жеңген болатын.

2016 жылғы жазда IWF пен WADA қазақстандық зілтеміршінің анализдерін қайта тексеріп, оның қанынан тыйым салынған препарат тапты. Тергеу екі жылға созылып, ақыры Седов сегіз жыл мерзімге спорттан шеттетілді. Себебі, бұл оның екінші рет допингпен ұсталуы еді.

Ауыр атлетіміздің 2009 жылы Кореядағы әлем чемпионатында қол жеткізген алтын медалі сол додада күміс жүлдегер болған әзірбайжандық Низами Пашаевқа автоматты түрде берілді.

Осылайша, Низами Пашаев ауыр атлетикадан үш дүркін әлем чемпионы болып, Әзірбайжанда үш рет әлем чемпионатын жеңген алғашқы спортшы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін ол 2002 жылы Варшавада (Польша) және 2005 жылы Дохада (Катар) өткен әлем чемпионаттарында әлем чемпионы атаған иеленген.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel