Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конфедерация кубогі: Ең үлкен республикалық спорт додасында кімдер жеңді (фото)

Опубликовано:

8 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде бокс, күрес түрлері, дзюдо, таеквондо, карате және қазақ күресінен 2019 жылғы Конфедерация кубогінің жеңімпаздары анықталдв. Olympic.kz турнир жеңімпаздарын назарларыңызға ұсынады. 

кубок
Фото: olympic.kz: Facebook

Боксшылар бәсекесінде Түркістан облысы топ жарды. Оңтүстік өңір боксшылары финалда Нұр-Сұлтан спортшыларын 5:3 есебімен жеңді. 

кубок
Фото: olympic.kz: Twitter

Грек-рим күресінен шымкенттік балуандарға тең келер ешкім болады. Олар финалда Алматы облысынан басым түсті. Соңғы үш жылдан бері Конфедерация кубогінде алтынды бермеген Алматы облысының балуандары бұл жолы күмісті қанағат тұтты. 

кубок
Фото: olympic.kz: Facebook

Конфедерация құрамына енген карате спортынан биыл тұңғыш жеңімпаздар анықталды. Каратешілер сынында Алматы қаласы көш бастады.

Финалда олар Маңғыстау облысының спортшыларын 3:2 есебімен жеңіп, Конфедерация кубогінің 2019 жылғы иегерлері атанды.

Таеквондошылар бәсекесінде де алматылықтар дес бермеді. Олар финалда Алматы облысының командасын 89:73 есебімен ұтты. 

кубок
Фото: olympic.kz: Facebook

Қазақ күресінен Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайтын «Қызылжар Арландары» клубы Конфедерация кубогінде жеңіске жетті. 

Еркін күрестен Конфедерация кубогін Нұр-Сұлтан командасы жеңіп алды. Елордалықтар ақтық сында Алматы облысымен кездесіп, 4:2 есебімен басым түсті. 

кубок
Фото: olympic.kz: Facebook

Жылдағы дәстүр бойынша, Конфедерация кубогін дзюдошылар додасы аяқтады. Татами шеберлерінің бәсекесінде Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары кубокке таласқан болатын. Финалда ШҚО өкілдері 4:2 есебімен айқын басымдық танытты. 

кубок
Фото: olympic.kz: Facebook

Жылдың ең маңызды спорттық шарасы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен биыл төртінші рет ұйымдастырылды.

Жарыстың жалпы жүлде қоры - 165 млн теңге. Бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес және таеквондодан үздік атанған командалар 12 млн теңгеге ие болса, 2 орын иеленгендер 7 млн, ал 3 орын иегерлері 3 млн теңгеден бөліп алды.

Қазақ күресі мен жарыс бағдарламасына биыл қосылған каратэден жеңіске жеткен командалар 10 млн теңгеден, 2 орынға - 6 млн, ал 3 орынға тұрақтан құрамаларға 4 млн теңгеден табысталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831078-konfederacia-kubogi-e-lken-respublikalyk-sport-dodasynda-kimder-zedi-foto/

pixel