RU

Оралдағы полицейдің қатысы бар жол апаты: Зардап шеккен әйел қайтыс болды

Telegram logo VKontakte logo

Бүгін таңертең полицей соқтығысқан көлікте болған 29 жастағы әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды. Кезекші инспектордың көмекшісі жол апаты болғаннан кейін медициналық куәгерліктен бас тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ

Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ: Original

Бүгін полицияда жетінші желтоқсан күні болған жол-көлік оқиғасына қатысты бірқатар мәліметтер хабарланды.

"Жол апаты кезінде "Audi" көлігінің тізгінінде Орал полициясы басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметінің бөлімінде жұмыс істейтін кезекші инспектордың көмекшісі Медет Рахаділов болған. Ол әйел адам жүргізіп келе жатқан көлікке соқтығысқан. Ол аса ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Тоғызыншы желтоқсан күні таңғы уақытта зардап шеккен келіншек қайтыс болды" , - деп мәлімдеді полиция департаменті.

Анықталғандай, жол апаты кезінде "Chevrolet Lacetti" көлігінің жанармайы таусылып қалған. 29 жастағы әйелдің күйеуі көлікті жақын маңдағы жанармай бекетіне дейін итеріп келе жатқан. Сол сәтте жол-көлік оқиғасы орын алды.

Қайтыс болған әйелдің туыстары полиция қызметкері мас күйдегі болған деп есептейді.

"Рахадилов медициналық куәгерліктен бас тартты. Бұл әрекеті үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартырлды. Оған қоса, ол көлікке жүргізуші куәлігісіз отырған" , - деді БҚО ПД ЖПҚ басқармасының басшы орынбасары Манарбек Нажиев.

Белгілі болғандай, сот полицейлі екі айға қамауға алды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Оралдағы полицейдің қатысы бар жол апаты: Зардап шеккен әйел қайтыс болды