RU

"Головкиннің мүмкіндігі аз": GGG – Альварес үшінші жекпе-жегіне болжам жасалды

Рассказать Вконтакте

Американың боксқа арналған әйгілі басылымының журналисі Стивен Эдвардс қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегіне болжам жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sports.kz

Фото: Sports.kz

Boxingscene.com сарапшысы үшінші жекпе-жек болған жағдайда, Головкиннің жеңіске жетуге мүмкіндігі аз екеніне сенімді. Дегенмен, ол айтқандарына қарамастан, қазақстандық боксшыға деген көзқарасы дұрыс екенін жеткізді.

Sports.kz ақпары бойынша, бокс шолушысы "Канелоның" Головкиннен барлық жағынан басым екенін алға тартқан.

"Екі чемпиондық титулы болғанымен, қазақстандық боксшының жасы 37-де. Ол ұйым тарапынан қысымға тап болуда, VADA-ның қатаң нұсқауларын орындап, өзінің бабын жоғалтуда", – дейді журналист.

Ол өз басы бұдан былай Головкинді Pound-for-pound рейтингінің үздік ондығы қатарына жатқызбайтынын атап өтті.

Еске сала кетейік, қараша айында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің әлемнің үздік боксшылары рейтингінде рекорд орнатқанын хабарлаған болатынбыз.

Орта салмақтағы әлем чемпионы GGG The Ring журналының нұсқасы бойынша әлемнің үздік боксшылары рейтингінде ең ұзақ уақыт тұрған спортшы атанды. Отандасымыз 249 апта бойы ТОП-10 рейтингінде тұрып, рекорд орнатты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Головкиннің мүмкіндігі аз": GGG – Альварес үшінші жекпе-жегіне болжам жасалды
Mailfire view pixel