RU
Саясаттанушы: Тасмағамбетов қызметінен кетіп, зейнетке шықпақ

Саясаттанушы: Тасмағамбетов қызметінен кетіп, зейнетке шықпақ

Рассказать Вконтакте

Отандық саясаткер Ербол Әділов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетіп, зейнетке шыққалы жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Бұл ақпаратты ол өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.

Саясаттанушының ақпаратынша, Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына жеткендіктен енді Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен кетпек. Айта кетейік, бүгін, тоғызыншы желтоқсан күні ол 63 жасқа толды.

Саясаттанушының хабарлауынша, ұзақ жылдар бойы саяси қызметте болған Тасмағамбетов демалысқа кетеді.

Айта кету керек, бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми мәлімет жоқ.

Өз қызметтік мансабын дипломат отыз жыл бұрын бастаған болатын. Ол кезде саясаткер ЛКЖО ОК бірінші хатшысы болып тағайындалған.

Бірнеше жыл бойы саяси және мемлекеттік қызметте болған Тасмағамбетовке кейін өңір басқаруды сеніп тапсырады.

ҚР премьер-министрі қызметін ол 2002 жылы алды. Бірнеше айдан соң, 2003 жылы ол Қазақстанның мемлекетік хатшысы болды.

Оған қоса, саясаткер елімздің екі ірі қалаларын да басқарып үлгерді. Тасмағамбетов 2004-2008 жылдар аралығында оңтүстік астана басшысы қызметінде болды.

Бұдан кейін, ол алты жыл бойы Қазақстанның бас қаласы- Астананы (қазіргі Нұр-Сұлтан) басқарды.

Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып үш жыл қызмет етті. Бұл орынға ол 2017 жылы үшінші ақпанда тағайындалды.

Дипломат бірқатар кітаптың авторы және халықаралық марапаттардың иегері атанды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
9
0
12
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel