RU

Қарағандыда бала өліміне күдіктіге жазасын қысқарту мүмкін

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда үш жасар Максим Гарифулиннің өліміне күдікті азаматтың жазасы жұмсартылуы мүмкін. Оған ер адамның шын жүректен кінәсін мойындағаны себеп болып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: баланың туыстарының мұрағатынан

Фото: баланың туыстарының мұрағатынан

Бұл дегеніміз күдікті өзіне Қылмыстық кодекспен тағылған үш бап санкциясының жұмсартылуы мен тағайындалатын жазаның қысқартылуына үміттенуі мүмкін.

"Қарағанды облысының прокуратурасы" ММ прокурор көмекшісі Медеу Жақановтың хабарлауынша, кішкентай баланы аяусыз өлтірді деп күдіктеліп отырған Игентай Сопыжанов кінәсін мойындап отыр.

Оған қоса, ол істі сот алқасы қарастырғанын қалайтынын жеткізді. Заң бойынша, халықтық қосшы билер қылмыстық істерді тек аса ауыр қылмыстар бойынша ғана қарастыра алады. Сопыжановтың ісі дәл осы қатарға жатады. Оған, Қылмыстық кодекстің 125 "адам ұрлау", 261 бап "адамды кепіл ретінде ұстау", 99 "адам өлтіру" бойынша айып тағылуда.

Уақытша ұстау изоляторында отырған Игентай Сопыжанов өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істі Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған сотының кәсіби судьясы қарастырғанын қаламайтынын айтты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда бала өліміне күдіктіге жазасын қысқарту мүмкін
Mailfire view pixel