RU

Қостанайлық полиция зорлау ісіне күдікті болған азаматты босатып жіберген

Құқық қорғау органдарының қызметкері күдіктіні сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша істен әдейі босатып, қылмыстың маңызды деректерін алып тастаған деген күдік бойынша сот алдында жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қостанайда полиция зорлау ісіне күдікті деп танылған ер адамды жіберді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ.: UGC

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, зорлық-зомбылық ісіне күдікті ер адам ағымдағы жылдың басында сексуалдық қылмыс жасауға шақ қалған.

Ол куәгер оны байқап, қорқытқан себепті арам пиғылын жүзеге асыра алмай қалды.

Белгілі болғндай, полиция қызметкері қылмыстық іс бойынша маңызды мәліметтерді, соның ішінде күдіктіден жауап алу хаттамаларын да алып тастапты.

Сотта атап өтілгендей, құқық қорғау органдарының қызметкері бұл әрекеттердің барлығын күдіктіні жауапкершіліктен босату үшін арнайы істеген.

Ол тіпті қылмыс құрамының болмауына байланысты істі жабу туралы қаулы шығарды.

Шындықтың беті ашылып, полиция қызметкеріне заң алдында жауап беруге тура келді. Нәтижесінде сот полицейдің заңсыз әрекеттеріне қатысты шешім шығарды.

Оған үш жарым жыл бас бостандығын шектеу, сондай-ақ бес жылға мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынды.

Сонымен қатар, ол офицерлік атағынан айрылды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831122-kostanajlyk-policia-zorlau-isine-kdikti-bolgan-azamatty-bosatyp-zibergen.html