RU
«Үйіне ақшасын қимайды»: Тараздық әйел тым сараң күйеуі туралы мұңын шақты

«Үйіне ақшасын қимайды»: Тараздық әйел тым сараң күйеуі туралы мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Тараз қаласының Ақтолқын есімді тұрғыны қиын жағдайда қалғанын айтады. Осыдан төрт жыл бұрын тұрмысқа шыққан азаматы бүгінде қатты өзгеріп кетіпті. 31 жастағы ер адам тапқан ақшасын жанұясына қимайтын көрінеді. Ең арзан азық-түліктерді сатып алып, балаларына киім алып бермеуді шығарған. Жас келіншек сүйіктісінің сараңдығынан әбден мезі болғанын айтады. Ақтолқынның өзі бүгінде бала күтіміне байланысты үйде отыруға мәжбүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Үйіне ақшасын қимайды»: Тараздық әйел тым сараң күйеуі туралы мұңын шақты

Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтолқын - ата-анасының жалғыз қызы. Бала кезінен мүлдем таршылық көрмей өскен. Әкесі оның кез келген тілегін орындап, қажетті дүниелерінің бәрін сатып алып беріп отырған.

Ерке бойжеткен тұрмысқа шығатын кезінде де еш алаңсыз өмір сүруге жағдай жасайтын азаматты іздестіргенін жасырмайды.

«Мен Мақсатты шынайы ұнатып қалдым. Екеуміз бір мекемеде жұмыс жасап жүргенде таныстық.

Болашаққа деген жоспарлары өте көп азамат болып көрінді. Материалдық жағдайы да нашар емес.

Менің барлық талаптарыма сәйкес келді. Сол себепті маған ұсыныс жасағанда еш ойланбастан тұрмысқа шығуға келістім.

Ата-анам да батасын беріп, «Ұзату» тойын жасап берді. Осылайша қол ұстасып, жаңа өмірге бірге қадам бастық», - дейді Ақтолқын.

Өкінішке орай, Ақтолқынның күйеуі уақыт өте келе басқа мінезін көрсете бастаған. Мақсат бұрынғыдай жомарт, қамқор әрі мейірімді келбетінен өзгерген екен.

Жас келіншек өзі үшін бұл тосын жағдай болғанын айтады. Жас азамат тіпті екіқабат келіншегіне дөрекі сөйлеп, болашақ сәбиіне немқұрайлы қараған. Отбасына ақшасын қимай, мүмкіндігінше шығын шығармауға тырысатын болыпты.

«Біз жиі жанжалдасып қала береміз. Бәріне сол ақша себеп. Декретке шығамын дегенше, қаржылай қысылған емеспін. Өзіме қажетті дүниелерді алуыма қаражатым жететін. Тіпті перзентханаға керек дүниелерімді де өз ақшама сатып алдым.

Мақсат айлығын маған бермейтін болғандықтан да, мен де табысымды оған айтпайтын болдым. Күйеуім ата-анасына қажетті азық-түліктерді ғана әкелетін болды.

Мен көбіне кафеден ас ішіп жүрдім. Бірінші баламды босанғаннан кейін, көп ұзамай екіншісіне аяғым ауырлады. Ұзақ уақыт жұмысқа қосыла алмай қалдым», - дейді келіншек.

Ақтолқын бала күтіміне байланысты демалысқа шыққанда жағдай тіпті қиындап кетіпті. Күйеуінің қолына қарағандықтан, қаражаттан қысылған кездері көп болған.

Мақсат ас әзірлеуге қажетті азық-түліктерді мардымсыз әкелетінді шығарыпты. Жас ана мұндай сараңдыққа шыдай алмай жүргенін айтады.

«Мақсатты ақшаға осыншама тар деп ойламап едім. Тек қана аса қажетті тағамдарды әкеледі. Оның үстіне жеңілдік болып жатқан дүкендерді аралағанды жөн санайды.

Балалар тағамын ай сайынғы жәрдемақыма аламын. Жаңа киім алуға ақшам ауыспай қалады. Ұлдарымның жөргектері уақытынан бұрын таусылса, үйімізде айқай болады. Мені үнемсізсің, қанағатсызсың деп айыптайды.

Кейде тіпті балалармен бірге маған масыл болдыңдар деп айтқан кездері де болды. Мұның барлығына көну өте қиын», - дейді тараздық келіншек.

Ақтолқын ата-енесінің де ақшаға өте жақын адамдар екенін айтады. Үлкен кісілер зейнетақыларын немерелеріне жұмсауға қимайтын көрінеді.

Ақшадан қатты қысылған кезде келіншек өзінің ата-анасынан көмек сұрауға мәжбүр болады. Бастапқыда жақындарына салмақ салғанына намыстанған болса, қазір амалсыздан осылай жасайды.

«Әке-шешем жағдайымды жақсы біледі. Әсіресе, әкемнің жаны ашып жүреді. Менің үйге қайтқанымды қалайды. Шынымды айтсам, қолымды сілтеп кетіп қалғым келеді.

Бірақ мен балаларым үшін шыдап жүрмін. Ұлдарымды балабақшаға бергеннен кейін, жұмысқа шыққым келеді. Қазір қонаққа мүлдем бармайтын болдық. Қыдыру үшін киетін жөні түзу киімім де қалмады.

Босанғаннан кейін салмақ қосып алдым. Сол сбептен бұрынғы киімдерім сыймай қалды. Сараң күйеуіммен қалай күресетінімді білмеймін», - дейді Ақтолқын.
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
9
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel