RU

Досаев: Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшеді

Ұлттық банк өз мекен-жайын ауыстырады. Енді елдің қаржы реттегіші Алматыда емес, мемлекет астанасында орналасады. Мұндай мәлімдемені Ұлттық банктің басшысы Ерболат Досаев жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Досаев: Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшеді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Алғашқы уақытта Қазақстанның Бас банкі жалданған үй-жайда орналасатын болады. Кейінірек ол үшін арнайы ғимарат салынады деп мәлімдеді Досаев.

Оңтүстік астанада Ұлттық Банктің өкілдігі қалады деп басшысының сөзін жеткізді Sputnik Қазақстан.

Досаев бір мегаполистен екінші мегаполиске көшу қаржы реттегішінің қызметіне айтарлықтай әсер етпейді деген пікірде. Ол атап өткендей, бұл - басты банктердің ел астанасында орналасатын әдеттегі тәжірибе екен.

Алайда Орталық банк басшысы Қазақстанның қаржы орталығы негізгі халықаралық қаржы ұйымдары орналасқан Алматы қаласы болып қала беретініне сенімді.

Елордаға көшудің артықшылығы ретінде, қаржы реттегішінің басшысы енді ұйым жұмысының тиімділігі артатынын айтты. Өйткені үкіметпен және өзге де мемлекеттік құрылымдармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру ыңғайлы болады екен.

КТК телеарнасының ақпараты бойынша, банктің ескі ғимараты Ұлттық банктің қайта құрылуы нәтижесінде құрылған қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттікке - жаңа ведомствоға берілетін болады.

Жаңа ведомство құру туралы Жарлыққа Мемлекет басшысы бір ай бұрын қол қойды.

Айта кетейік, жаңа агенттік елдің қаржы нарығын дамыту мәселелерімен айналысады, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауды өз мойнына алады. Ал елдің бас банкі ақша-несие саясатына және инфляцияны бақылауға назар аударады.

Бұған дейін хабарланғандай, қаржы реттегіштің қызметкерлерінің бір жарым мыңға жуығы жаңа ведомствоға жұмысқа көшеді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831126-dosaev-lttyk-bank-nr-sltanga-ksedi.html