RU

Зеленский Путиннің орнына отырып ала жаздады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Француз көшбасшысының резиденциясында соңғы үш жылда алғаш рет "нормандық төрттіктің" кездесуі өтіп жатыр. Іс-шарада алғаш рет Ресей мен Украина президенттері кездесті. Кездесу барысында күлкілі әрі ыңғайсыз жайттар да орын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Зеленский Путниннің орнына отыра жаздад (видео)

Фото: Видеодан кадр

Украиналық және ресейлік президенттердің ресми келіссөздері әлі өтпесе де, олар басқа қатысушы елдердің басшыларымен кездесу кезінде алғашқы рет көрісті.

Кездесу кезінде күлкілі жайттар да болды.

Ол жерде украиналық президент ортақ үстелдегі ресейлік көшбасшының орнына отыра жаздады.

Зеленский үстел басына бірінші болып жеткендіктен қайда отырарын білмей, біраз айналшақтап қалды.

Оның жанына келген Макрон мен Путин оған оның орны қай жерде екенін көрсетті.

Украиналық көшбасшының тәжірибесі молырақ әріптестері журналистермен өзін қалай ұстау керек екенін де айтып, көмектесті.

Осылайша, қазіргі уақытта желі қолданушылары Владимир Путиннің Зеленскийге ортақ суретке түсу үшін фотографқа бұрылу керек екенін айтып жатқан сәтін қызу талқылауда.

Осы с әттің видеосын РИА Новостидің кремльдық пулының Twitter-аккаунты жариялады.

Айта кетейік, Украиналық президентке француз көшбасшысы да көмектескен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Зеленский Путиннің орнына отырып ала жаздады (видео)
Mailfire view pixel