RU

"Ертегідегідей": Димаштың биші қызбен көкте қалықтаған видеосы елді елең еткізді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Төрткүл дүниені талантымен тамсандырған Димаш Құдайберген жанкүйерлерін тәнті етті. Ол өзінің желідегі парақшасында ерекше видеомен бөлісті. Әнші жаңа жылдық бағдарлама түсірілімінің қызықты сәтін жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Видеодан кадр: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші бейнежазбаны Instagram әлеуметтік желісіне салған.

"Жаңа жылдық бағдарламаның түсірілімінен қызықты сәттер", - деп жазды ол.

Роликте Димаштың бір топ биші қыз-жігіттермен бірге "Любовь уставших лебедей" әніне билеп, кішігірім қойылым қойғаны байқалады.

Талант иесінің ерекше видеосын көрген желі қолданушылары әдеттегідей жылы лебіздерін жаудырды.

Тіпті, Димаштың жүрегін жаулағысы келетіндер де табылған.

"Бір күні сіз менімен кездесесіз, мен сіздің жүрегіңізді ұрлаймын", "Менің періштем, Чилиге кел! Біз сені күтеміз!", "Мексикаға келіңізші, өтінемін!", "Керемет, таңқаларлық! Мен сені жақсы көремін, Димаш! Испаниядан үлкен сәлем!", "Ғажап, ертегідегідей", - деп жазды оқырмандар.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 10 желтоқсанда Нью-Йоркте Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтеді.

Өнер иесі күні кеше АҚШ-қа ұшып барды. Қазақстандық орындаушының әр елден жиналған жанкүйерлері постерлер, жалаушалар, фотосуреттері мен альбомдарын ұстап тұрып, әуежайда өздерінің кумирін қарсы алған.

Аталмыш кеште Димаш төрт тілде ән орындайтын болады.

Айта кетсек, концерт ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен өтеді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ертегідегідей": Димаштың биші қызбен көкте қалықтаған видеосы елді елең еткізді
Mailfire view pixel