RU
Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сы: Құрманғазы оркестрі Қытай жұртын тәнті етті

Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сы: Құрманғазы оркестрі Қытай жұртын тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі Қытай астанасында Ұлттық Орындаушылық өнер орталығы сахналарының бірінде сәтті өнер көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ввввв

«Ұлы Дала сазы» атты концерт «Әлемдік музыкалық сериялары» жобасы аясында өткізілді.

Концерттік бағдарламада Құрманғазы, Түркеш, Н.Тілендиев, Дәулеткерей, Абай, Моцарт, Брахм және басқа да қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары орындалды.

Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшісі Ғабит Қойшыбаев аталмыш шара туралы өз ойын ортаға салды.

«Біз екіжақты мәдени байланыстарды дамытуға үлкен мән береміз. Құрманғазы оркестрі шығармашылық ұжымының осы маңызды халықаралық музыкалық шараға қатысқанына біз өте қуаныштымыз. Қытайлық көрермен біздің әртістеріміз ұсынған Қазақстанның бай мәдениетімен таныса алды», - дейді ол.
ввввв

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры Қуанышбек Мұханғалиев концерттің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

"Бүгін біз репертуар қорынан 4 мыңнан астам музыкалық нөмірлердің кішкене бөлігін ғана ұсындық", - дейді ол.

Қуанышбек Жанболатұлы оркестрдің алдағы гастролдері туралы да айта кетті.

«Желтоқсанның аяғында Құрманғазы оркестрі Ташкентте өтетін Өзбекстандағы Қазақстан жылының жабылу рәсіміне қатысады. Келесі жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында Еуропа мен Азия туры өтеді», - деді оркестр директоры.

Еске салайық, «Әлемдік музыкалық серия» жобасын Ұлттық орындаушылық өнер орталығы 2010 жылы бастаған. Оның аясында 50-ден астам елдің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен 120 қойылым өтті.

Бейжіңдегі Құрманғазы оркестрінің концерті Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшілігінің қолдауымен өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel