RU

Белгілі тележүргізуші мен айтыскер қыз ұлының тұсаукесер тойын атап өтті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Актер, тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан мен айтыскер ақын Бибігүл Тілеболдинова ұлдарының тұсау кесер тойын дүркіретіп өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мерекелік кеш өткен аптада Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде болды.

Көңілді отырыста қазақ эстрадасының жұлдыздары Әбдіжаппар Әлқожа, Нұрболат Абдуллин, Жігер Ауыпбаев, Нұрсұлтан Байғұн, тележүргізушілер Ерғанат Көпжасар, Аман Тасыған, Айдын Жасыбайұлы, радио жүргізушілер Нұржан Аташ пен Әсет Рахманбердиев, театр және кино актері Еркебұлан Дайыров бой көрсетті.

Желіде тараған видео кадрынан тойдың жоғары деңгейде өткенін аңғару қиын емес.

Мерекелік кеш барысында белгілі тележүргізушілер Ерғанат Көпжасар мен Аман Тасыған елдің көңілін көтеру мақсатында "қайым айтыс" ұйымдастырды.

Олардың тапқырлығана жиналған қауымның қошемет көрсеткенін де видеодан байқауға болады.

Еске сала кетсек, осыған дейін тұсау кесер рәсіміне байланысты бірнеше мақала шықты.

Ел арасында тұсауды немен кесу керек деген сұрақ көп қойылады. Бірінші топ "пышақ" дұрыс десе, екіншілері "қайшымен кесуді жөн" деп санайды. KAZ.NUR.KZ порталы осы сұрақтың жауабын іздестірді.

Сондай-ақ, басылым баланың тұсауын кімдерге кесуге болмайтынын да анықтап берді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Белгілі тележүргізуші мен айтыскер қыз ұлының тұсаукесер тойын атап өтті
Mailfire view pixel