RU

Нұр-Сұлтанда қаһарман-полицей танымал дәрігерді бопсалаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында өрт кезінде адамдарды құтқарғаны үшін марапатталған полицей қызметкері енді атақты дәрігерден 1 млн теңге бопсалағаны үшін сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Время" басылымына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда қаһарман-полицей танымал дәрігерді бопсалаған

Серік Ақшолақов. Фото: "Время" басылымы/ Оксаны Акулова, Азамат Балтабаев. Фото: Нур-Султан ПД баспасөз қызметі.

Екі жарым жыл бұрын аға лейтенант Азамат Балтабаев әріптесімен бірге жанып жатқан үйден әйел адамды алып шыққан еді.

Бірнеше ай өткеннен кейін полицей француз туристімен бірге өзенге секіріп, өз өзіне қол салмақ болған жас жігітті құтқарды. Ол тоғызыншы қабаттан құлай жаздаған баланы да аман алып қалған.

Өткен жылы жүрек жұтқан тәртіп сақшысы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Ол туралы бірқатар БАҚ жазып, түрлі жиындарды айтылды.

Алайда, содан кейін Азамат Балтабаев пен оның әріптесі Ринат Абдрахмановтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені белгілі болды.

Басылымның мәліметінше, полиция қызметкерлері ұлттық нейрохирургия орталығының төрағасы Серік Ақшолақовтан заңсыз сыйақы өндіріп алған.

БАҚ-тың хабарлауынша, бұл наурыз айында Нұр-Сұлтандағы Сарыарқа ауданында түнгі қызмет кезінде болған.

Содан кейін патрульдік қызметтестер қымбат Mercedes ML 300 кроссоверінің индикаторды қоспағанын көреді.

Олар жүргізушіге көлікті тоқтауды бұйырған. Ол сыртқа шыққан кезде тәртіп сақшылары одан алкогольдің иісі шығып тұрғанын байқайды.

Рөлді тізгіндеген танымал нейрохирург ақталуды жөн көрмеген. Серік Ақшолақов қонақта болып, кішкене сыра ішкенін айтады. Алайда өзін мас сезінбегендіктен рөлге отыра беріп, үйге жетуге шешім қабылдағанын сөз еткен.

Құқық қорғаушылар дәрігерге рөлге мас күйінде отыруға болмайтынын, мұндай іс-әрекет үшін сотта жауапқа тартылып, жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін екенін түсіндіреді.

Басылымның жазуынша, Азамат Балтабаев телефоннан миллион теңге сомасын көрсетіп, мәселені шешуді ұсынған.

Дәрігер өзінде осынша қаражаттың жоғын айтыпты. Ол тек 400 мың теңгені ғана шешіп ала алатынын алға тартқан. Партульдік қызмет бұған да риза болып, ақшаны алыпты.

Осымен мәселеге нүкте қойылуы керек болған көрінеді. Алайда бәрі басқаша болып шықты.

Нейрохирург өз кезегінде құзырлы органдарға арыз берген.

Басылымның хабарлауынша, осыдан кейін одан бірнеше рет шағымды қайтарып алуды өтініпті. Олар ақшаны қайтаруға уәде берген.

Екі полицей дәрігерден кешірім сұрап жатқан кез видеоға да түсірілді.

Сот аталмыш іске қатысты үкім шығарды. Бұрынғы полиция қызметкерлерінің әрқайсысы 7 жылын колониядағы лагерьде өткізуге мәжбүр болды. Аға лейтенанттың ордені қайтарылып алынуы мүмкін.

"Барлығын заң бойынша жасап, осы жағдайдан шығу мүмкіндігі бар еді. Азамат Балтабаев тағы да қазақстандықтарды өзінің мейірімді және әділ істерімен қуантып жүрер еді", - деп түйіндеді сөзін мақала авторы.

Аталған ақпаратты көшіру, қолдану "Время басылымының" рұқсатымен жүзеге асады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда қаһарман-полицей танымал дәрігерді бопсалаған
Mailfire view pixel