Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнет жасына келсе де, мемқызметте жүрген қазақстандық саясаткерлер кімдер

Опубликовано:

Дүйсенбі күні Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың зейнет жасына жеткеніне байланысты еңбек демалысына кететіні туралы хабар тарады. Осыған орай KAZ.NUR.KZ порталы қазіргі саясаткерлердің биографиясын қарап, кімнің зейнеткер екенін анықтады.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Еске сала кетсек, кеше саясаттанушы Ербол Еділов өзінің дереккөздеріне сүйене отырып, зейнет жасына жеткендіктен Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен кететінін хабарлады. Айта кетсек, саясаткер күні кеше, 9 желтоқсанда 63 жасқа толды.

Сарапшының мәліметінше, Тасмағамбетов өзін қашан жұмыстан шығарады деп күтпейді.

Осыған байланысты KAZ.NUR.KZ редакциясы зейнет жасына жетсе де, мемлекеттік қызметте жүрген қазақстандық саясаткерлерді анықтаған еді.

Бұл тізімнің көш басында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімов тұр. Ол 1950 жылы 15 желтоқсанда дүниеге келген. Қазір саясаткер 68 жаста.

Есімов әр жылдары президент әкімшілігінің басшысы, Алматы әкімі, вице-премьер, ауыл шаруашылығы министрі, "АСТАНА ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ басқарма төрағасы болған.

Ахметжан Есімов. Фото NUR.KZ/Петр Карандашов
Ахметжан Есімов. Фото NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Тұңғыш президент - Елбасы канцеляриясының жетекшісі Махмұд Қасымбеков 1952 жылы 2 тамызда дүниеге келген. Қазір ол 67 жаста.

Қасымбеков әр жылдары президент канцеляриясының басшысы, президент әкімшілігі канцеляриясының меңгерушісі, "Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Ұлт көшбасшысы кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің жетекшісі болған.

Махмұд Қасымбеков. Фото: ҚР Тұңғыш президенті кітапханасының ресми сайты
Махмұд Қасымбеков. Фото: ҚР Тұңғыш президенті кітапханасының ресми сайты: UGC

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 1952 жылы 22 қарашада туған. Қазір шенеунік 67 жаста. 2015 жылдың соңында Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев зейнет жасына жеткен Баталовтың өкілеттілігін 2020 жылдың 22 желтоқсанына дейін ұзартқан.

Әр жылдары ол Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі, Алматы әкімшілігі Ленин ауданының басшысы болған.

Амандық Баталов. Фото: ОКҚ
Амандық Баталов. Фото: ОКҚ: UGC

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Ол қазір 66 жаста.

Сапарбаев әр жылдары Ақтөбе облысының (Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың ақпанында өңір басшысы ретінде Сапарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылдың 9 ақпанына дейін ұзартқан), ОҚО, Қызылорда облысының әкімі, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі болған.

Бердібек Сапарбаев. Фото: NUR.KZ
Бердібек Сапарбаев. Фото: NUR.KZ: Original

Конституциялық кеңстің төрағасы Қайрат Мами 1954 жылы 9 мамырда туған. Ол қазір 65 жаста.

Мами әр жылдары Жоғарғы соттың төрағасы, бас прокурор, сенат парламентінің басшысы, әділет вице-министрі болған.

Қайрат Мами. Фото: Жоғарғы соттың ресми сайты
Қайрат Мами. Фото: Жоғарғы соттың ресми сайты: UGC

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда өмірге келген. Ол қазір 65 жаста. Ахметов бұл қызметте 2014 жылдың 11 қарашасынан бері отыр. 2017 жылы зейнет жасына жеткендіктен Елбасы оның өкілеттілігін 2022 жылдың 15 маусымына дейін ұзартқан.

Шенеунік әр жылдары премьер-министр, қорғаныс министрі, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімі болған.

Даниал Ахметов. Фото: ОКҚ
Даниал Ахметов. Фото: ОКҚ: UGC

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев 1955 жылдың 20 мамырында туған. Ол қазір 64 жаста.

Көшербаев әр жылдары Қызылорда облысының (2018 жылдың мамырында Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Көшербаевтың өкілеттілігі 2021 жылдың 20 мамырына дейін ұзартылған), БҚО, Маңғыстау облысының әкімі, вице-премьер, білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі болған.

Қырымбек Көшербаев. Фото: facebook.com/qyzylorda.press
Қырымбек Көшербаев. Фото: facebook.com/qyzylorda.press: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1831167-zejnet-zasyna-kelse-de-memkyzmette-zrgen-kazakstandyk-saasatkerler-kimder/

pixel