RU

Нұрфин рейтингі: "Оливье" салатына азық-түлікті қайдан арзанға алуға болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұрфин редакциясының журналисті жаңажылдық "Оливье" салатын даярлауға қажетті азық-түліктердің бағаларын салыстыру үшін Алматының бес желілік дүкенін аралап қайтты.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жыл жақындап қалды, сондықтан мерекелік дастарқанға ерекше көңіл бөлетін адамдардың көпшілігі азық-түліктерін дайындап, қамдануға кірісіп кетті.

Осыған орай біз де азық-түлік бағасын біліп қайтуды жөн көрдік. Бағаларды салыстыру үшін біз фирмасы, маркасы, сорты, мөлшері, салмағы, майлылығы бірдей азық-түліктерді қарастырдық. Яғни, бес супермаркеттен бірдей тауарлар алдық. Олардың бағаларын салыстыруда түрлі акциялар, жеңілдіктер мен бонустар есептелген жоқ.

Тауарлар 2019 жылғы 4 және 5 желтоқсан күндері Ramstore, Toimart, A-Store, Magnum және Small желілік дүкендерінен сатып алынды.

Аталған дүкендердің әрқайсысында қанша ақша жұмсалғанын атап өтейік:

Ең аз қаражат Magnum дүкенінде жұмсалды – 5 055 теңге.

Екінші орында Toimart – 5 071 теңге.

Үшінші орында Small – 5 196 теңге.

Төртінші орында A-Store – 5 350 теңге.

Ал ең көп қаражат Ramstore дүкенінде жұмсалды – 6 094 теңге.

"Оливье" салатын даярлауға қажетті нақты қандай азық-түліктер сатып алынды?

Сәбіз

Жоғарыда аталған барлық дүкендерден жуылмаған сәбіз алдық.

Бұндай сәбіздің ең арзан бағасы Magnum дүкенінде – бір келісіне 83 теңге. Ал ең қымбаты Toimart пен A-Store-да – келісіне 130 теңге.

Картоп

Бұл көкөністің де ең арзан түрін – ақ картопты алдық.

Ең арзан баға тағы да Magnum дүкенінде болды – бір келісіне 85 теңге. Ал ең қымбаты A-Store-да – 120 теңге.

Жұмыртқа

Әр дүкеннен бір фирманың 10 жұмыртқасын алдық.

Бұл жолы да Magnum дүкені ең арзан болып шықты – 399 теңге. Ал дәл осы фирманың 10 жұмыртқасы үшін ең қымбат баға A-Store дүкенінде – 440 теңге.

Маринадталған қияр

Бұл тауардың да бір фирмасын таңдадық – 720 миллилитрлік банкідегі ұзындығы 6-9 сантиметр болатын маринадталған қиярлар.

Ең арзан баға Toimart дүкенінде – бір банкасы 698 теңге. Ал ең қымбат баға Ramstore-да – 845 теңге.

Жасыл бұршақ

Біз әр дүкеннен бір фирманың 400 граммдық бес банкасын сатып алдық.

Жасыл бұршақтың ең арзан бағасы Magnum-да – бір банкасы 415 теңге. Ал ең қымбаты Ramstore дүкенінде – бір банкасы 515 теңге.

Шұжық

Әр дүкеннен "Докторская" сортының шұжығын сатып алдық.

Ең арзан шұжық Toimart дүкенінде – бір келісі 2 922 теңге. Ал ең қымбаты Ramstore-да – 3 695 теңге.

Майонез

Біз "Провансаль" сортының 380 граммдық, майлылығы 50,5% майонезін таңдадық. Алайда, Magnum-да бұл сорттың болмауына байланысты ол жерден мөлшері мен майлылығы осындай "Бөдене жұмыртқасы қосылған" майонез алдық.

Майонездің ең арзан бағасы Toimart дүкенінде болды – 349 теңге. Ал ең қымбаты әдеттегідей Ramstore-да – 439 теңге.

Нұрфин рейтингі: "Оливье" салатына азық-түлікті қай дүкеннен арзан алуға болады

Нұрфин рейтингі: "Оливье" салатына азық-түлікті қай дүкеннен арзан алуға болады

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұрфин рейтингі: "Оливье" салатына азық-түлікті қайдан арзанға алуға болады
Mailfire view pixel