RU

Тоқаев Құдайға деген сенімді көпшілікке көрсетпеуге шақырды

Мемлекет басшысы Қазақстандағы жастар жылының аяқталуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде оқығысы, жұмыс істегісі келмейтін жастардың саны артып бара жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Тоқаев елде жастарды дамыту үшін жасалып жатқан бағдарламалар "белгі" үшін емес, шынайы болу керек екенін айтты.

Осы ретте жастар ұйымдары Қазақстандағы электронды үкімет арқылы барлығы хабардар болатындай жұмыс жасауы керек.

"Өкінішке орай, елде оқымайтын, жұмыс істемейтін және оны жасағысы келмейтін жастар саны өсіп келеді. Социологтардың мәліметінше, сауалнамаға қатысқан жастардың 20%-дан көбісі мектеп бітірген соң үйде отыруға мәжбүр. Сауалнамаға қатысқан төртеудің үшеуі жастарды қолдау бағдарламалары туралы білмейді", - деді Тоқаев.

Президенттің пікірінше, дәл осы ештеңемен айналыспайтын жастар деструктивті қозғалыстардың ықпалына түсіп қалады.

"Біздің елде ар-ождан бостандығына конституция кепілдік береді, бірақ негізгі заңға сәйкес Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпаған жөн. Алланың құдіретіне деген терең сенім азаматтарымыздың, әсіресе жастардың рухани жетілуіне ықпал етуі керек, оны көрсетудің қажеті жоқ", - деді ол.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831182-tokaev-kdajga-degen-senimdi-kpsilikke-krsetpeuge-sakyrdy.html